Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20345155438 %62 %

Жазықсыз кетем деп ойлама… | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 12:30 - 2019/07/11


Жазықсыз кетем деп ойлама… | DalaNews

Жазықсыз кетем деп ойлама…

“Ел ырысын жеген жан жазасыз кетем деп ойламай-ақ койсын» дейді Бекболат Тілеухан. Халық қалаулысының көкейіндегі көп ойды ықшамдап назарыңызға ұсындық, құрметті оқырман.

 

Солженицыннің сақалы мен менің сақалымды салыстыруға келмейді

Ресей қайда, біз қайда! Ресей – жан-жағын жайпаған азуы алты қарыс империя. Ал Қазақстан болса – тәуелсіздігі кеше ғана қолына тиген, етегін жаппаққа ұмтылған, есін жаңа ғана жиып жатқан кешегі отар ел.

Империя азаматында өзі қартайса да, мұрны қартаймайтын империялык бұқа-көкірек болады. Солженицындер – сол көкіректің көрінісі. Ал біз болсақ, тұсауын шешсе де, кос аяқтап секірген тарпаң санасынан тамшы ғана қалған, құлдық санасы жабағы жүні секілді түспей қойған тайторымыз.

Біз – шабуылшы жұрт емес, қорғанушы елміз!

 «Ол тықыр мен бұл тықыр бөлек» дегендей, әйтеуір ауыздың астына орналасты демесеңіз, түсі де, күші де басқа, ниеті бөлек Солженицыннің сақалы мен менің сақалымның айырмасындай мүлдем салыстыруға келмейтін құбылыс қой!

Жұтқысы келген жыртқыш пен жан сауғалаған бейбақтың халін сараптау үшін көп ақыл керек емес еді. Қайтесіз енді «сынаушымды жетесіз қылып тәңірім берген-ді», Субхан Аллаһ!

Қазақта бір әфсана бар. Адам калың отқа оранып жатыр дейді. Сонда от үстінен ұшқан қарлығаш қанатымен су себер дейді. Сырткөздердің: «Қалың отты тамшы сөндірмек түгілі түспей жатьш кеуіп кетеді ғой, несіне әуре боласың», – деген сөзіне қарлығаш: «Ниетімді білдіргенім ғой» дейді екен. Сол оттың үстінен ұшқан құзғын май тамызар дейді.

Оған: «Бірер тамшы майыңнан онсыз да лаулаган от күшейіп жарытар деймісің, несіне әуре боласың», – дегеніне, құзғын: «Ниетімді білдіргенім ғой» – дейді екен.

 

Біз қалай жеңілдік?

Еуразияның апайтөс даласында атой салып, үзеңгісіне шіренген жалпақ жұрт жалтақ жұртқа айналу себебін білу үшін тарихи сана керек.

Отарлықтың қамытында омалып жатып, Шері Әметтің ұрпағы «Шереметьево» біздің туыс, Тургеневтің түп атасы Түрген бізден, Тюмень біздің Төмен, Курган – Қорған т.б. с.с. шалқулар түсініксіз. Рас, туысы туыс. Еділ ен жайлағанымыз да рас. Бірақ не пайда?  

Түбін қуып келсең, қазақты қан қақсаткан казактар да бізден алыс емес. Плевако да бізге жиен еді. Екібастұздың көмірін өтімсіз еткен Аман Төлеев те қандасымыз. Әрі-беріден соң мәселе қанда да емес. Мүддеде!

Қараңызшы енді! Қазақ тілінің тағдыры алдында Есілбаев биік пе, Княгинин биік пе? Ұлтынды масқаралаған Қанағат Жүкешев қымбат па, әлде қазақ үшін шырылдаған Асылы Османова қымбат па? Қазақ өнерінің алдында Брусиловский кандай, Ермек Тұрсынов қандай? Осы салыстырған қандастарымыз ненің жемісі? Және бұлар бүгінде бірлі-жарым ғана емес, олар көп. Шіріген жұмыртқаны шіріткен кімдер?

Басқыншы жұрттың ғасырлар бойы жүргізген саясаты. Бірде күшпен, бірде іспен жүргізілді ол саясат. Бөліп-бөліп биледі. Біріне бірін айдап салды. Дүниеқоңызын сатып алды, батырының басын алды. Ұрпақтың миын улады. Мансапқорына тақ, шолақ ойлыға шоқпар, өсекшісіне ақпар берді. Ақыр соңы жеңді. Биледі. Діттегеніне жетті. Нәтижесінде тілің шала-пұла, дінің ала-құла боп, жеңілдің.

 

Ақсақал жеңілдім деп тұрған жоқ 

Немересімен орысша шүлдірлескен ақсақал жеңілдім деп тұрган жоқ. Жетістім деп мәз. Сәбиіне «поросенок мой» деп елжіреген келіншек басқыншыны арманынан шығарып, «доңыздың басқан шөбін тұлпарына жегізбеген» Кенесарының арман-мұратын аяқасты етіп тұрғанынан бейхабар. Бас сүйегінің күлсалгыш болғанынан да, баласына елжіреген әлгі әйелдің осы қылығы Хан Кенеге ауыр болатынын сезу үшін де тарихи сана қажет!

Басқыншы жұрт бауырларымызды Еділдің арғы бетінен бері ығыстырып, жолай бейбіт ауылдың қыз-қырқынының абыройын төгіп, еркеккіндігін қырып салды.

Ұрпақтың жүрегіне жара, қайсарына – кек, жуасына – үрей болып сіңген көріністі сезіну үшін тарихи сана керек еді.

Енді атаңның құны, анаңның ары кеткен басқыншы жұрттың тілінде сөйлеуді мақтаныш тұтқан санасы құлданған ұрпақта ақыл бар ма, ес бар ма?

 

Шошқадан жиіркенбейтін қазақтар өсіп келеді 

Әрі-беріден соң, ана тілін біле тұра әдемі сөйлеген орысшасын мақтан тұтқан кембағал кейіп, оңбаған сана қайдан?! Кешегі құлдықтан. Енді осы сорлы ахуал санаңа салтанат құрып тұрганда шын мемлекетшілдік қалыптаса ма? Әй, қайдам! Сөз жоқ, тіл – ұлттың басты сипаты. Азаматтарымыздың ұлттық сипатқа деген құлшынысы – ұлттық қуатымыздың өлшемі болмақ.

Ол дегеніміз – дүкенде, әуежайда, көшеде, шаңырағында, жанармай бекетінде керегіңді әуелі мемлекеттік тілде талап ету.

Тілді білмегенге сауатты, мәдениетті түрде мемлекеттік символға деген құрметті өркениеттіліктің белгісі екендігін ескертіп барып, орысша, ағылшынша сұрай жатарсыз. Тіл – қоғамда қажеттілік туған жағдайда ғана құлаш жаятын нәрсе. Қажеттілікті тұтынушы тудырады. Егер сен, мен, ол, жүз адам, мың, сосын миллиондар, ең құрығанда, дүкенде керегін қазақша сұрасыншы.

Дүкен иесі тілге  жанашырлықтан емес, тауары өту үшін қазақша сөйлейтін адамды сатушы етіп қояды. Сонда сен тіліңе деген қажеттілік тудырудан бір қазақтың жұмыс табуына себеп болдың.

 

А, что она здесь потеряла? 

Бір әңгіме айтайын. Менің бір көзтанысым шағын жиында отырып алып, шетелде оқитын сүйікті қызының патриоттығын жыр қылды.

Еуропада түрып жатқан пәтерінің қабырғасында Қазақстанның картасы тұрғанын айтып мәз болды. Қазақстанның туын жазу үстеліне орнатыпты. Елтаңбасы қабырғаға жабысыпты. Қабырғасын біржолата толтырып тастағысы келген болуы керек, қамшы, домбыра, адыраспан, шапан сұратып алып, әкесін тағы мәз қылыпты.

 Таңертең көзін үйқыдан ашар-ашпастан гимнді қойып жіберетінін айтқанда, дастарқан басындағылар жылауға шақ қалды. «Осы күнгі жастар тамаша. Ой, бәрекелді!» десіп жатырмыз.

Арамыздағы біреу «қызыңыз қай курста?» деп қалды. «Бітірген», – деді. «Енді елге келмей ме?». «А, что она здесь потеряла?» – деп шоршып түспесі бар ма?

Енді қайтесіз? Патриотизм жайындағы біраз адамдардың түсінігі осы. Сөйтті де әлгі сабаз біздегі жүйені сыбап ала жонелді. Айтуынша, оның «дана» қызы бұндай мешеу жұрттың маңдайына сыймайды екен. Қызының айтуынша, оның жиған білімінің қадірін тануға Қазақстан өресіз. Ендеше не үшін оқыды? Кім үшін білім жиыпты? Қысқасы, патриотизм –  қара басының қамын, құлқыныңды ұлтыңның игілігінен төмен қою. Ата-бабаңнан аманат болған жер мен тілдің қадірін тану. Қадірін танысаң мейірің артпақ. Сөз жоқ, Швейцария сұлу. Бірақ Бурабай – менікі. Анталия жылы, бірақ Машат ыстық. Себебі бабаларым ол жер үшін қан төккен.

 

Жазықсыз кетем деп ойлама…

Патриотизм деп аузың айтып, қолың халық қазынасына сүғылса. Ол не? Ол – екіжүзділік. «Мұнафиқ» дейді оны Абай. Елдің игілігі кемісе, жұрт қуаты кемімек, ендеше сен де, сенің ұрпағың да әлсіремек. Яғни өзі отырған бұтақты өзі балталаған ақымақтық!

Жемқорлықтың, үятсыздықтың, намыссыздықтың түбінде осыны түсінбеген – имансыздық жатады. Өйткені өзімшілдікті «пайда, мақтан – шайтан ісі» деп түсіндірген Абайдың тұғыры – «Хақты танымақтық» еді.

«Кісі ақысын жегеннің, Құдай желкесінен шығарады», – дейді қазақ. Бір кісі емес, бүкіл елдің ақысын ұрлаған жемқордың қалі нешік? Қымбат көлігінің ішінде мылжа-мылжасы шыға ма, бейкүнә немересін ұшаққа салып алып шетелден шетел қоймай ем таба алмай сандала ма?

Қызы орын таппай, ұлы береке таппай, есірткіге есіріп, араққа аза ма? Әйтеуір ел ырысын жеген жан жазасыз кетем деп ойламай-ақ койсын. «Араммен келгеннің азапқа кететінін» білген қазақ, кісі ақысынан қатты шошыған. Атадан қалған ақыл осы!

 

Жүрегім айныды

Желтоқсандағы жанталастан соң әрбір қазақта «Қайтсек ел боламыз?» деген ой, «Тілімізді сақтайық» деген ниет күшейе түсті. Дәстүрге деген ардағымыз артты. Естеріңізде болар, ұмытылып кеткен терме, жыр, айтысқа деген ел сұранысы галамат еді гой.

 Мен әнші едім. «Лирикалық әндерден гөрі, елдің намысын жануға жыр жақсы», – деп жырға ойыстым.

«Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз, күдеріден бау тағып, кіреуке киер ме екенбіз», – деп тепсіндік. Жырауларға ден қойдым. Домбырамен айттым, қобызға қостым. Назарын тартқандай болдым.

 Сол жырды әспеттеп, зерттеп түсінген әдебиеттегі, саясаттағы асқар тұтқан ағаларымның «ұлтым, жұртым» деп тебіренген сөздерін есіттім. Мақталдым. Мақтандым. Бірақ көңіл көншімеді.

 Себебі, «елім» деп еміренген ағалардың тілден мақұрым, ұлттық сезімнен жұрдай балаларын көріп түңілдім. Елге ізгілік айтқан ақсақалдардың немересіндей қызға қырындаған «жігітшілігі» құрметімді қуартты.

 Асқақ мінбеден «Алашым» деп аһ ұрған азаматтың азғантай атақ, бес-он теңге үшін айтқанынан айнып кеткен қылығын көргенде жүрек айныды. Кәнігі дегенімнің кәдімгі екенінің куәсі болдық. Кейін түсіндім. Осындай адамдардың бәріне ортақ бір қасиет бар екен. Ол – атеистік екен. Абайға тамсанған болады. Бірақ «әуелі аят, хадис сөздің басы» дегенін қабылдамайды.

Жырауды тыңдайды. Бірақ «бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа…» дегені үшін Бұқардан бұрыла салады. «Уа, зор сүйінші айтайын, мұсылман болып туғанға» деген Кердері Әбубәкірді кері тартпа, көненің көзі деп ойлайды.

Содан түсінгенім, қазақты ізгілікке, иманға, ұятқа, намысқа бейімдейтін жол – ислам екендігіне көз жеткіздім.

Махамбет айтқандай: «Тілде болып, ділде болмай қалмасын» деп, Бұқар жырау айтқандай: «Бес уақыт бес намаз біреуі қаза болмасқа» тілек қылып, бес намазымды түгендедім.

Мұсылманшылық жетпей қалған туыстас жұрт (алтай, хакас, тыва, шор, саха) не болды? Гүлзинасы – Галина, Бекболаты – Борис, Шәмшісі – Шура, Нурланы – Николай болды. Отарлық саясаттың бір қаққанынан қалды ма? Жаппай ішіп, салты, дәстүрі быт-шыт болып құрдымға беттеді. Тарих куә. Ислам – біздің ұлттық иммунитетіміз.

 

 

Дереккөз: «Түркістан» газеті

24 маусым, 2010 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1021834
Пікірлер

Көрші сілтемелер