Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-1710838726 %74 %

Орта Азияның инвестициялық әлеуеті қандай? | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/07/11


Орта Азияның инвестициялық әлеуеті қандай? | DalaNews

Орта Азияның инвестициялық әлеуеті қандай?

The Boston Consulting Group компаниясының зерттеуінше аймақтағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 60 пайызы Қазақстанға тиесілі. 

2008-2017 жылдары Қазақстан экономикаға жалпы сомасы 82 млрд долларды құрайтын тікелей инвестиция тартқан. Инвестицияның басым бөлігі кен өндіру саласының үлесінде. 

“Кәрімов кетіп, билік өзгергелі Өзбекстан да есігін айқара ашып, жаңа экономикалық реформалар жүргізуде. Елдегі қолайлы бизнес-ахуал болашақта бұл елге инвестицияның көптеп ағыларын аңғартады” дейді компания мамандары.   

Экономикалық әріптестік және даму ұйымының дерегінше соңғы 20 жылда аймақтың экономикалық өсімі жоғары болған.

2000-2010 жылдары аймақтағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) жылына 8 пайызға өсіп отырған, ал еңбек өнімділігі әлемдік орташа көрсеткіштерден жоғары болыпты. Осы жылдар аралығында аймаққа бағытталған тікелей инвестициялар 9 есеге өскен. 2010 жылдан күніге дейін аймақтың ЖІӨ-сі 25 пайызға өсуде. 

Қазіргі таңда аймақтың әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 0,3 пайызды құрайды.

2017 жылы Орта Азияның жиынтық жалпы ішкі өнімі 265 млрд долларды құраған, бұл көлемі жағынан Орталық Америкамен (255 млрд), Финляндиямен (252 млрд) және Чилимен (277 млрд) пара-пар. 

Орта Азияда жер шары халқының 1 пайызы тұрады (71,9 млн адам), бұл көлемі жағынан Таиланд (69 млн адам, ЖІӨ 455 млрд) немесе Түркия (81 млн адам, ЖІӨ 851 млрд) нарығымен тең. 

Аймақ аумағы 4 млн шаршы шақырым, бұл ЕуроОдақ территориясымен тең.

Алайда аймақтағы адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (3719 доллар) Таиланд (6594) немесе Түркия (10541) сияқты дамушы елдерге қарағанда көп төмен. 

Аймақтағы 2016 жылғы жиынтық экспорттың көлемі 58 млрд долларды құраса, соның 3 млрд-ы (6 пайызы) ішкі аймақтық алыс-берістің үлесінде болған. Аймақтық сауда Қазақстан экспортының 5 пайызын, Өзбекстан экспортының 13 пайызын құрайды. 

2007 жылы Қазақстан президенті Назарбаев Орта Азия экономикалық-саяси одағын құруды ұсынды. “Еркін тауар алмасайық, осы арқылы ауыл шаруашылығы мен өндірісімізді өркендетейік” деді ол. Алайда бұл ұсыныс қолдау тапқан жоқ. 

Инвесторлар үшін Орта Азия әлі де бейтаныс, әлі де игерілмеген нарық. Олар Орта Азияға қарағанда, Балқан елдері мен Орталық Америкаға қаржы құйғанды қауіпсіз көреді. 

Орта Азиядағы тікелей инвестицияның басым бөлігі кен өндіру саласына бағытталған, аймақтағы шикізаттық емес секторға салынған инвестиция көлемі 2008-2016 жылдағы жалпы инвестицияның 18 пайызын құрады.

Бұл аралықта Орталық Америкадағы шикізаттық емес секторға салынған инвестиция көлемі 35,9 пайызды, ал Балқан елдерінде бұл көрсеткіш 47,2 пайызды құраған.  

Dalanews.kz Орта Азияның инвестициялық әлеуетін паш ететін инфографиканы назарыңызға ұсынады. 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1021819
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


17 шілде. ҚазАқпарат кү 3 min
Сыртқы істер министрліг 6 min
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: Жәди 16 min
Жүңгө екөнөмикәсінің «ж 1 sagt
Ауа райы: Шілденің 17 к 1 sagt
Ж к п орталық көмитеті 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Жүңгө екөнөмикәсі алдың 2 sagt
17 шілдеде Қазақстанның 2 sagt
Чұңчиң қаласы мен шинжя 2 sagt
Өңтүстік райондарда бір 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
«жаңа жүңгөнің дамуына 3 sagt
Түркістан облысында жол 4 sagt
Армяда ақылы қізмет өте 4 sagt
«Қазақмыс» корпорациясы 4 sagt
Алдыңғы жарым жылда хал 4 sagt
АҚШ-та Трамптың жарлығы 4 sagt
2500-ден астам астаналы 4 sagt
Дүние жүзілік малтау жү 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 5 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 5 sagt
Ақмола облысында жол ап 5 sagt
Елордалық аз қамтылған 6 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 6 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 6 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 6 sagt