Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-179534126 %74 %

Ұлттық домбыра күні: павлодарлық 150 күйші «Балбырауын» күйін ойнады | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 00:15 - 2019/07/08


Ұлттық домбыра күні: павлодарлық 150 күйші «Балбырауын» күйін ойнады | DalaNews

Ұлттық домбыра күні: павлодарлық 150 күйші «Балбырауын» күйін ойнады

Павлодарда Ұлттық домбыра күніне орай Ertic Promenade сахнасында облыстың 150 күйшісі Құрманғазының «Балбырауын» күйін ойнады.

Ertic Promenade-тағы «Күмбірле-күй домбыра» концертіне Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі және Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның орындаушылары қатысты. Облыстың 150 күйшісі домбырамен жанды дауыста оркестрдің сүйемелдеуімен Құрманғазының «Балбырауын» күйін ойнады.

13 жасар Тәттігүл Қасым Ертіс ауданынан өнер мектебінің басқа балаларымен бірге келген.

 

– Біз өзіміздің домбыра ансамблімізбен мерекеге келдік, – дейді Тәттігүл. – Мен Ertic Promenade-та өнер көрсеткеніммен мақтанамын. Домбыра ойнаумен төртінші жыл айналысып келемін. 15-тен астам күйді үйрендім. Оған қоса, вокал және хореографияны ұнатамын.

Рүстембек Омаров атындағы оркестрдің бас дирижері және оркестрдің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Талғат Кәрімовтің айтуынша, өткен жылы өнер ұжымы Домбыра күнінде арнайы шақыртумен елордада өнер көрсеткен.

 

Биыл оркестрліктер осы күнді павлодарлықтармен бірге атап өтуде. Мерекеге орай оркестр музыкалық сыйлық дайындаған.

– Біз алғаш рет оркестрдің сүйемелдеуімен гитарада және әріптесіміз Ризолла Садықовпен домбырада Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін ойнаймыз, – дейді гитарашы Артем Александров.

– Алдымен тек домбыраның дауысы шығады. Гитараның және домбыраның рөлдерін бөліп алғанбыз. Гитараның пернелері басқаша келтірілген. Сондықтан домбыраның құлақ күйін гитараға келтірдік. Көрермендерге ұнайды деп үміттенеміз.

 

Сонымен қатар, Ertic Promenade сахнасында «Шернияз» бен «Нұр» би топтары және филармонияның орындаушылары – Жібек Айтпаева, Руслан Жұмабаев, Байыржан Ахметов, Наталья Процкая, Мадияр Бахтияров, Салтанат Темірханова өнер көрсетті.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күніне орай оркестр Рүстембек Омаровтың «Әсем ән мен тәтті күй» шығармасын орындап #DombyraChallenge челленджін бастаған. Челленджді облыстың барлық шығармашылық топтары қолдаған.

Сондай-ақ Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде, облыстық көркемсурет музейі мен Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражай үйінде көрме ашылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1020461
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ауа райы: Шілденің 17 к 12 min
Ж к п орталық көмитеті 15 min
Осы араны басып көріңіз 15 min
Жүңгө екөнөмикәсі алдың 1 sagt
17 шілдеде Қазақстанның 1 sagt
Чұңчиң қаласы мен шинжя 1 sagt
Өңтүстік райондарда бір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
«жаңа жүңгөнің дамуына 2 sagt
Түркістан облысында жол 3 sagt
Армяда ақылы қізмет өте 3 sagt
«Қазақмыс» корпорациясы 3 sagt
Алдыңғы жарым жылда хал 3 sagt
АҚШ-та Трамптың жарлығы 4 sagt
2500-ден астам астаналы 4 sagt
Дүние жүзілік малтау жү 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 4 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 5 sagt
Ақмола облысында жол ап 5 sagt
Елордалық аз қамтылған 5 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 5 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 5 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 5 sagt
Алты жастан төменгі бал 5 sagt
Қарағандылықтар аймақта 5 sagt
Казахстанцы могут обрат 6 sagt
Қазақстандық балуан қыз 6 sagt