Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Өскеменде «Домбыра: ұлы даланың жаны, рухы, тарихы» шарасы өтті   | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/07/07


Өскеменде «Домбыра: ұлы даланың жаны, рухы, тарихы» шарасы өтті   | DalaNews

Өскеменде «Домбыра: ұлы даланың жаны, рухы, тарихы» шарасы өтті  

Өскемендегі Пушкин атындағы кітапханада Астана күні мен Домбыра күніне арналған «Домбыра және Нұр-Сұлтан: Ұлы даланың жаны, рухы, тарихы» деген атпен ауқымды шара өтті.

Астана – тәуелсіздік символы. Домбыра – қазақтың болмысы әрі бренді. Тәуелсіздікті астанамыз айқындаса, домбыра қазақтың арғы-бергі тарихынын тамыр тартатын киелі аспап.

Өскеменде жергілікті жұртшылық қос мерекені есте қаларлықтай атап өтіп, шараның рухани бағытына басымдық берді.  

Қос мерекенің құрметіне арнап қоңыр домбырадан күй төгілткен өскемендік жас күйші Арлан Сүлейменов жиналған жұрттың алдында осынау киелі аспаптың шығу тарихы туралы шежірені балын тамызып айтты.

Талантты домбырашымен тілдескен өнерсүйер қауым бұл күні домбыраның шығу тарихына қатысты тың мәліметке қанығып, кездесуден ерекше әсер алды. Чайковский атындағы өнер колледжінің түлегі Арлан Сүлейменов Өскемендегі он саусағынан бал тамған өнер иелерінің бірі. Одан тәлім алған түлектер домбыраны 12 сабақтың ішінде меңгеріп кетеді екен.  

Айта кетелік, Домбыра күнін былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми бекітіп, «Алтайдан Атырауға дейін барша Қазақстанның даласы  осы домбыраның үнін естіп келеді. Ол бүкіл біздің даламыздың, барлық қазақтың қаны да, жаны да бір екенін нақты білдіреді», – деген болатын.

Домбыра күнінің ел астасының туған күнімен орайласқаны да екі мерекенің маңыздылығын арттыра түсті.

Шара барысында Елорданың құрметіне ән орындалып, би биленді. Сонымен қатар жиналған жұрт та тек көрермен ретінде қалып қоймай, астанаға деген музыкалық, поэтикалық құттықтауларын жолдады.

Заманға сай жаңғыртылған кітапхананың MakerSpace шығармашылық алаңында меймандарға домбыра бейнесіндегі кәдесыйлар сыйға тартылды.

Шара аясында Нұр-Сұлтанның құрылу мен қалыптасу тарихы түгелдей баяндалған көрме ұйымдастырылып қонақтар астанаға қатысты беймәлім деректермен таныс болды.

 

Сонымен бірге домбыра көрмесі де ұйымдастырылып ұлы орындаушылар, музыканттар, Құрманғазы, Тәтімббет, Дина сияқты әйгілі күйшілердің мұрасы туралы мәліметтер әдебиеттер көрмесінен орын алды.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1020390
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ХҚА еліміздің сирек кіт 6 min
Имамдарға оқыту курсы б 9 min
Намазда ықылық тисе, на 9 min
Бүркітбай Аяған: Ғылымғ 12 min
Ма чаушұй сыртқы істер 19 min
Арыс қаласында 1 172 үй 19 min
Ислам дінінде адамдар 3 24 min
Елордадағы үлестік құры 24 min
Оралда суға батуға әрек 29 min
СҚО-да учаскелік инспек 30 min
Өмірзақ Шөкеев комбайнм 1 sagt
KASE: Доллар бағамы тағ 1 sagt
Атырау тұрғындары төрті 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Жяңсу: байлықтан бірге 1 sagt
Партя құрылысының негіз 1 sagt
Көкшетауда ең ұзын құра 1 sagt
Оралда қос бірдей жасөс 1 sagt
Британдық дәрігерлер си 1 sagt
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 1 sagt
Ыстықкөлде жоғалып кетк 1 sagt
Димашпен салыстыру, өм 1 sagt
Хилұңжяң: емдеу арқылы 1 sagt
Оқу-ағарту істеріне таб 1 sagt
Тоқаев Мемлекеттік қызм 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 1 sagt
Қазақстан ыстық десеңі 1 sagt
Ирак ДАИШ балаларын алы 1 sagt
Оралда туристер мінген 1 sagt