Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-158524716 %84 %

«Ғылым» қорының басшысы 5 мың доллар пара алды деген күдік келтірілуде | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 11:00 - 2019/07/05


«Ғылым» қорының басшысы 5 мың доллар пара алды деген күдік келтірілуде | DalaNews

«Ғылым» қорының басшысы 5 мың доллар пара алды деген күдік келтірілуде

Соңғы уақыттары ҚР Білім мен ғылым министрлігіне бағынышты мекемелердің басшылары шетінен жемқорлықпен ұсталып жатыр. Бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ұсталса, осыдан біршама уақыт бұрын Білім және ғылым министрінің көмекшісі 11 млн. теңге алды деген күдікке ілінген болатын. Ал енді ғылымды дамытады деген «Ғылым қорының» басшысы ұсталды.

Күні кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин «Ғылым қорының» басшысы жемқорлық ісіне шатылып, күдікке ілінгенін алға тартты.

– «Ғылым қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін еліміздегі жоғары оқу орыны ректорынан 5 мың доллар көлемінде пара алғаны жайында күдік келтірілуде, – деді агенттік қызметкері.

Агенттің тартқан мәліметіне сүйенсек, «Ғылым қорының» басшысы өзінің кінәсін толық мойындамағандықтан, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатқаны белгілі болды.

Осылайша Ерлан Сағдаев министр болған тұста тағайындалған кадрлардың былықтары  шетінен ашылып жатыр. Осындайда Сағадиев жауапты қызметтерді қандай адамдарға сеніп тапсырғанын білді ма екен деген сауал туындайтыны анық.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1019597
Пікірлер

Көрші сілтемелер