Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-1312325433 %67 %

Даниал Ахметов: "Арыстағы 541 ғимаратты бір айда қалпына келтіреміз" | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 23:45 - 2019/07/03


Даниал Ахметов: "Арыстағы 541 ғимаратты бір айда қалпына келтіреміз" | DalaNews

Даниал Ахметов: “Арыстағы 541 ғимаратты бір айда қалпына келтіреміз”

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдің Арыстағы жарылыстан зақымданған ғимараттарды қалпына келтіруге атсалысатынын айтты.

“Біз, Шығыс Қазақстан бір айдың ішінде Арыс қаласындағы 541 ғимаратты қалпына келтіреміз.

Бүгінде 522 үйдің 6 тұруға мүлдем жарамсыз. 12 баспананы қайта қалпына келтіру керек. Кеше мен 60-тан астам үйдің жағдайымен таныстым. Қазір Шығынды бағалау және ауқымын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Өңірдің 25 құрылыс компаниясы іске кірісуге дайын екендіктерін жеткізді. 140 адам жұмысқа кірісіп кетті. Жақын арада үйдің төбесі мен терезелерін жөндейтін 200-ге жуық қосымша маман жолға шығады. 10 шілдеге дейін қосымша 50 мың шаршы метр шатыр жабындыларын жібереміз”, – деді аймақ басшысы.

Қазіргі таңда аймақтың ірі кәсіпорындары және тұрғындарының қолдауымен 168 миллионнан астам теңге жиналған. Бүгін ғана облыс орталығынан 200 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтіледі.

Бұдан бөлек, ШҚО Арыстың 300 баласын қабылдайды. Олардың демалыстарын ұйымдастыру қала мен аудан әкімдіктерінің есебінен жүргізіледі.

 

 

Тағы оқыңыз: 

Шығыс Қазақстан облысы Арыс халқын қабылдауға толығымен даяр (видео)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1018793
Пікірлер

Көрші сілтемелер