Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20360161838 %62 %

Семейде «Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:15 - 2019/07/03


Семейде «Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті | DalaNews

Семейде «Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті

Семейде қаласындағы алғаш рет «Шуақты шаңырақ» атты жас отбасылар байқауы ұйымдастырды. Қалалық ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы бастамашы болған шара Семейдегі Мәдениет сарайында өтті. 

Байқауға 6 отбасы қатысты, атап қайтқанда Бауыржановтар, Ғалымбековтар, Жалеловтар, Кливенко,Әбішевтар және Тергемесовтар отбасылары. Олар өз өнерлерін ортаға салды.

Байқау сахналық және сырттай сайыстармен қамтылған. Сыртқы сайыстар бойынша – «Тату отбасы» спортттық сайысы өткізілді. Мақсаты отбасының салауатты өмір салтын ұстануын анықтау болды. Отбасының командалық рухын көтеру мақсаты да сайыстың басты шарты.

Ер азаматтарының арасында жігіттердің ерік-жігерін анықтау үшін қол күресі өткізілген болатын. Көрермендер бейнебаян арқылы лед экраннан қол күресін ықыласпен тамашалады.

«Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы сахналық сайыстар: таныстыру, өнер көрсету, отбасы құндылықтарына арналған сұрақ –жауап, отбасының нәзік жандарына арналған кулинарлық сайыстармен қамтылды. Отбасылар өнерлерін ортаға салып көрермендер тарапынан сый, құрметтерін алды.

«Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауының қорытындысы бойынша Семей қаласының Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің атынан шыққан Ғалымбековтар отбасы «Шуақты шаңырақ – 2019» бас жүлдесін иеленіп, жеңімпаз атанды.

Олар Семей қаласы атынан облыстық сайысқа қатысуға жолдама алды. Жайдарман көңілді тапқырлар клубы атынан шыққан Жалеловтар отбасы «Өнерлі отбасы» аталымын жеңіп алды. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінен келген Бауыржановтар отбасы «Өнегелі отбасы» аталымын иеленді. Бауыржановтар отбасының анасы Айдана Бауыржанова «Үлгілі келін – 2019» аталымын жеңіп алды. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар, дипломдар, арнайы демеушілердің атынан сертификаттар табысталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1018328
Пікірлер

Көрші сілтемелер