Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-133195474366 %34 %

Нұр-Сұлтанда "Абай әлемі" орталығы бой көтереді - Ел жаңалықтары | Tengrinews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 16:10 - 2019/10/04


Нұр-Сұлтанда "Абай әлемі" орталығы бой көтереді - Ел жаңалықтары | Tengrinews
Нұр-Сұлтанда "Абай әлемі" орталығы бой көтереді кеше, 09:15
0
Нұр-Сұлтанда "Абай әлемі" орталығы бой көтереді -

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау мақсатында ашылған "Жанұя" орталығының жұмысы, енді салынатын иппотерапия және екі бірдей оңалту орталығы жайында баяндалды.

Қазақстан Президентінің үй кезегінде тұрған азаматтарды, оның ішінде аз қамтылған отбасыларды, жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамту мақсатында қолжетімді баспана құрылысын арттыру туралы тапсырмасының орындалу барысы жайында есеп берілді.

Елорда әкімі үлескерлік проблемалы құрылыстар жайы, қала шетіндегі ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі алдағы 3 жылдық бюджетте қарастырылғанын атап өтіп, қаланы газбен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жеткізді.

Қаланы абаттандыру бойынша есептен белгілі болғандай, ескі алаңның аумағынан бастап шаһардың екі жағын қосатын жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жол төселеді. Жалпы жаяу жүргіншілерге ыңғайлы 80 шақырым жол төселіп, алдағы 3 жылда 100 шақырымнан астам веложол салынады.

Сумен қамту жұмыстарын жетілдіру үшін атқарылатын шаралар туралы да айтылды.

Қала әкімі шаруашылықпен қатар мегаполистің мәдени өмірі бойынша да жоспарлармен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Абай әлемі" орталығы бой көтереді. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына байланысты қоладан құйылған "Үш арыс" ескерткіші орнатылады.

Мемлекет басшысы қаланы одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1056013
Пікірлер

Көрші сілтемелер