Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді - Sunna.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 13:40 - 2021/03/30

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/03/30/1033004/


Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді - Sunna.kz

30 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  агенттігіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта.

Ал Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды. Ең көбі Алматы қаласында 545 адам. Елімізде 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қазір емдеу мекемелерінде 24 180 адам короновирус инфекциясынан ем-дом алып жүр.

Сондай-ақ, 29 наурызда 17 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның екеуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонямен ауырған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1379953
Пікірлер

Көрші сілтемелер