Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Садақаның дүние-ақыреттегі 10 сауабы - Sunna.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/03/25

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/03/25/1032507/


Садақаның дүние-ақыреттегі 10 сауабы - Sunna.kz

Сауапты іс жасау үшін тек қаржылай немесе заттай беру міндет емес. Жақсы ниетпен жасаған әрбір ісіміз садақа болатынын мына хадистер арқылы жеткізейік: 

«Әрбір жақсылық садақа» (Тирмизи)

«Жақсы сөз садақа» (Ахмад б. Ханбал)

«Күлімсіреген жүзбен сәлем беру садақа» (Бәйхақи)

«Дін бауырына күлімдеп сәлем беру садақа» (Тирмизи)

«Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйу садақа» (Муслим)

«Бауырына қарсы күлімсіреу бір садақа. Жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару да садақа. Жолдан адасқанға жол көрсету садақа, зағип жанға көмек беру садақа, жолдан тас, тікен, сүйек секілді нәрселерді алып тастау садақа, өз шелегіңнен бауырыңның шелегіне су құйу да садақа» (Тирмизи, Бирр, 36).

Міне, садақаның қаржысыз берілетін тұстарында атап өттік. Көпшілік мұсылман баласы садақаны қаржылай немесе азық-түлік арқылы бергенін қалайды. Садақа берген сәтте өзгелер үшін пайдасы болған амал ретінде көрінгенімен негізінде берген адам үшін пайдасы мен сауабы мол. Садақа адамға мейірімділікті, нәпсіні тәрбиелеуді, отбасымен отбасыға жақсылық жасауға үйретеді әрі мал-дүние мен жүректі тазалайды. Ал ақыретте сауапты амал жасау мүмкін болмаған сәтте берген садақасының сауабы жұмаққа жетелейтін амалдардың бірі болып табылады. Садақа жайлы Алла Тағала: «Мал-мүліктерінен күндіз-түні, жасырын немесе ашық садақа беретіндердің сауабы Алланың құзырында дайын. Оларға қауіп-қатер, қайғы болмайды» (Бақара, 274)  дейді.

Садақаны беру үшін арнайы уақыт жоқ. Мүмкіндігіміз қай уақытта болады сол уақытта береміз, беруге ниет еткен затты Алла разылығы үшін күндіз де, түнде де, жасырын да, ашық та беруге болады. Алдымызда Рамазан айы келе жатыр осы айда көпшілік мұсылмандар садақаны көп беруге талпынады.

«Алланың Елшісі (с.а.у.): Садақа беруде асығыңдар. Өйткені апат садақадан оза алмайды», – деді.

Көпшілігіміз пендемізғо басымызға қайғы түскенде ғана немесе жолымыз болмай бизнесіміз жүрмей қалған кезде ғана Құрбан шалып садақа беріп жатамыз. «Садақаны саулығыңда бер» деген бабалырымыз бес күндік тіршілікте ажал келместен, басқа бәле келместен алдын садақа беруді үрдіске айналдырған жөн.

Садақа берудің 10 пайдасы бар. Осы дүниедегі 5 пайдасы

Мал-дүниені тазартады;

Күнәларды өшіреді: «Су отты сөндіргендей садақа да күнәларды өшіреді» (Тирмизи)

«Садақа тәкәппарлықты жояды» (Тирмизи)

Ауру мен апаттан сақтайды: «Науқастарыңды садақамен емдеңдер. Садақа әрбір ауруды және бәлекетті қайтарады» (Бәйхақи риуаяты)

«Садақа беруде асығыңыздар. Өйткені апат садақадан оза алмайды» (Табарани, Бәйхақи)

Мұқтаж жанды қуантады;

Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді:

«Садақа бергеннің ризығы артып, дұғасы қабыл болады» (Ибн Мәжа)

«Азда болса садақа беріңдер. Ақшасын тығып бермегенге, Алла да нығметін азайтады» (Муслим)

Садақаның ақыреттегі 5 пайдасы:

Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады: «Садақа қабір азабынан сақтайды. Қияметте иесін өз қамқорына алады» (Бәйхақи)

Тозақтан құтқарады: «Жарты құрма болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар»

Таразыда сауабы басым болады;

Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;

Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.

Садақа берер кезде басты нәрсе берген садақаны міндетсінбеу, жария жасап мақтанбау, адал жолмен келген қаражаттан беру секілді дүниелерді ұмытпағанымыз жөн. Себебі ол әрекеттер берген садақаңыздың сауабын жоюы мүмкін.

Берген қол алушыдан жоғары тұрады. Ал алушы берушіге дұғада болатындықтан, сізде садақа беріңіз, өзгелерде Алладан сіздің тілеуіңізді тілесін!

Жомарт Анарбеков

«Ар-Рахман» мешітінің найб имамы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1377228
Пікірлер

Көрші сілтемелер