Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тәуба қылмақ, күнәдан тиылмақ - Sunna.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 09:30 - 2021/03/24

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/03/24/1032402/


Тәуба қылмақ, күнәдан тиылмақ - Sunna.kz

Уа, достар, пайғамбар, әулиелер болмаса, бенденің күнәдан тазасы кем шығар. Сол себептен тәубені білу керек. Нәжіс нәрсені сумен жуған сықылды күнәні тәубемен жумаса болмайды.

Менің байқауымша, адамда үш түрлі тәубе бар. Оның бірі шын тәубе – ол мынау: бір адам нәпсісіне еріп, бір күнәні қылады да, артынан шын ықыласыменен қатты күйіп, өкініп, енді қайтып ондайды қылмаспын деп біржолата уәде қылады да, ол күнәні қайтып қылмайды. Мұны молдалар «тәубе насух» дейді.

Аятта: «йа аййухал-лазина аману тубу илал-лаһи таубатан насу-хан» . Мағынасы: ай, мұсылмандар, Құдай тағала тәубе насыр тәубеменен деген. Екінші бір тәубе, бір адам нәпсісіне еріп бір күнәні қылады да, ішінен қатты күйеді неге қылдым деп. Ей, ендігәрі қылмаспын-ау десе де, анық уәде қыла алмайды, нәпсісіне сене алмайды, бірақ Алла тағалаға сол күнәдан тыйылта қор деп жалбарынады. Бірақ Алла тағалаға бұл тәубе бастапқы тәубедей емес, әйтсе де азаптан қатты қорқады. Рахыметінен үміті бар адамға Алла тағаланың аятта: «ла таңнату мин рахматил-лаһи» дегені . Мағынасы: рахыметімнен үміт үзбе дегеніне қарағанда, бұл да тәубе болуға мүмкін. Енді мен білген үшінші тәубе бар, ол мынау: біреу бір күнә қылады да, артынан тәубе қыла салып, онан соң және сондай күнә қылып, оған және тәубе қылдым ғой, керегі не, бірталай жандар осылай қылып жүр ғой деп, көпті мысал қылып салақтау жүреді. Жоғарғы аятқа қарағанда, Алла тағала қай күнәні кешемін десе де кешеді. Әйтсе де бүл соңғы тәубені сенімді тәубе деп айтуға болмайды. Бірақ Алла тағаланың рахыметі мол екені рас.

Аятта: «қатаба раббукум ала нафсиһи ар-рахмата» . Мағынасы: Алла тағала өзіне мархамат қылуды лазым қылды деген. Және бір аят: «йамхул- лаһу йа йашағу уа йусбит уа гиндаһу уммул-китаби» . Мағынасы: Алла тағала не нәрсені жоғалтқысы келсе жоғалтар, бекітемін десе бекітер лауху-л-махфузда деген, яғни қай күнәні, яки қай сауапты да жоғалтамын десе жоғалтар, бекітемін десе бекітер лауху-л-махфузда.

 Және бір аятта: «иннал-лаһа ла йагфиру ан йушрақа биһи уа йагфиру ма дуна залика лиман йашагу» . Мағынасы: Алла тағала өзіне серік келтіргендерді кешпейді, одан басқа күнәнің бәрін де кешкісі келген бендесіне кешеді деген. Бірақ осыған да тәубе, себебі – Алла тағала дүниеде себепсіз нәрсе жаратқан жоқ бендесіне рақым қылмақ үшін ғибадат, дұға, тәубе, не бұйырған, болмаса, ол ғибадаттан Аллага пайда да жоқ, қылмасаң, Аллаға зиян да жоқ.

Әлбетте, Алла тағала бендесіне раңымды. Аятта айтқан: «ман джаа бил-хасанати фа лаһу гашру амсалиһа уа ман джаға биссаййигати фала йуджза илла мислаһа» – Алла тағала бендесінің бір жақсылығына он есе сауап береді, жаманшылық күнә қылса, өзіндей ғана жаза тарттырады, одан арттырмайды деген.

Және бір аят: «уа һуаллази йақбалут – тау б ата гаи ғибадиһи уа йағфу ғанис-саййи-ғати уа йағламу ма тафғалуна». Мағынасы: ол Алла тағала құлдарының тәубесін қабыл қылады, күнәларын кешеді һәм не қылғандарының бәрін біледі деген. Жоғарғы аяттағы сөздерін байқадыңыз, Алла тағала бендесіне бек рақымды екенін. Олай да болса, шама келгенше күнәдан сақтанып жүру керек.

Егерде нәпсіні жеңе алмай, күнә қылып жіберсе де, заңһар тез тәубе қылу керек ақырында дүниелік мал жиған күнә емес, адалдан жимақ парыз, бірақ Алла тағаланың қаһарын ескермей жүре берген сол қатты күнә. Сол себептен, Сопы Аллаяр хазірет айтқан: «чист дүния аз худа ғафил будан-никуман ва нақара фәрзанд һазан» . Мағынасы: дүниеге алдануы Құдай тағаланы ұмытқаны, ол – қатын, мал, ақша, баланы ұмытқаны емес деген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Мұсылмандық шарты» кітабынан

Sunna.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1376662
Пікірлер

Көрші сілтемелер