Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Дұғаның әдептері - Sunna.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 16:10 - 2021/02/22

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/02/22/1022205/


Дұғаның әдептері - Sunna.kz

Әрбір құлшылықтың өзінің тиісті әдептері болады. Айталық, намаздың әдептері, оразаның әдептері мен дәрет алудың, сөз сөйлеудің, мешітке кірудің әдептері бар екенін білеміз. Сол сияқты дұға жасаудың да өзіндік әдептері бар.

Ғалымдар дұғаның әдептерін төмендегідей

1.Дәретті болу;

2.Құбылаға қарап отыру жасау;

3.Екі алақанды біріктіріп, қолды кеуде тұсына көтеріп жасау;

4.Дұғаның басында және аяғында Аллаға мадақ, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айту керек;

5.Бәсең дауыспен дұға жасау;

6.Бірінші өзінен бастап, сосын басқаларға сұрау;

7.Өзімен қоса ата-анасына да жақсылық сұрау;

8.Күнәларына тәубе жасап, хақысыз істегендерін айту;

9.Шын көңілмен Аллаға жалбарынған түрде жасау;

10.Алладан қорқып жылау;

11.Дұғаның мазмұнында өзіне, отбасына, мал-мүлкіне қарсы мазмұнның болмауы

12. Өзі, ата-анасы, жақындарымен қоса, барлық момын мұсылмандарға да дұға жасау;

13.Дұғаны үзбей қайта-қайта жасап жүру;

14.Кеңшілік кезінде де, қиындық кезінде де дұғаны тастамау.

Әділ Агитаев

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1358764
Пікірлер

Көрші сілтемелер