Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Иләһи кітаптардың сүйіншісі - Sunna.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 18:40 - 2021/02/17

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/02/17/1021705/


Иләһи кітаптардың сүйіншісі - Sunna.kz

Имам Матуриди, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) пайғамбарлығын мойындамаған кітап иелері туралы: «Олар иман еткен пайғамбарларының хақтығына нені дәлел қылса, сол келтірген дәлелдері Мұхаммедтің (c.ғ.с.)  пайғамбар екеніне дәлел.

Әр пайғамбардың мұғжизасы әртүрлі болуы мүмкін. Мұғжизаның мағыналылығы мен ғажайыптығына келер болсақ, Мұхаммедтің (c.ғ.с.) мұғжизасы – мәңгілік мұғжиза. Біз елшінің айтқанын растадық. Әрі одан бұрынғы пайғамбарларға да иман еттік. Ал, сендер өз пайғамбарларың айтқанды растасаңдар, онда сол пайғамбарлардың сүйіншілеген Мұхаммедке (c.ғ.с.)  иман етулеріңе не кедергі?!»[1] деген уәж айтып, күллі пайғамбар сүйіншілеген Мұхаммедке (c.ғ.с.)  сенбеген жанның одан бұрынғы пайғамбарларға сендім деуінің де бір мәнісі жоқтығын айтады.

Құранға дейінгі түскен қасиетті Тәурат, Забур, Інжіл кітабы адамдар тарапынан қанша бұрмаланып өзгертілсе де, олардан соңғы Пайғамбардың келетіні жайлы ашық немесе тұспалды аяттарды кездестіруге болады. Тіпті, Үндістердің үлкен кітаптары соңғы пайғамбар жайлы хабар берген. Ол хабарлардың ішінде Пайғамбарымыздың көптеген сипаттары, өмірі, хазреті Ибраһим, Бәкка (Мекке), сонымен қатар Пайғамбарымыздың аты Махамед, Мамах және Ахмед түрінде берілген. «Махамед» аты Пураналарда, «Мамах» аты Атһарва Веданың Кунтап Суктта бөлімінде, «Ахмед» аты Сама Ведада кездеседі[2].

Имам Матуриди Құрандағы: «Біз кітап түсірген қауым (дін басылары мен ғұламалары) ақырғы пайғамбарды (бүкіл ерекшеліктерімен) өз балаларын танығандай таниды. Сөйте тұра, олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады» (Бақара сүресі, 146-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Адам балаларын бойындағы белгілеріне және бұрынғы бастан кешкен себептер негізінде таниды. Сол сияқты елшілер де елшілігін білдіретін белгілері мен мұғжизалары арқылы танылады.

Міне, бұл белгілер мен мұғжизалар Алла елшісі Мұхаммедте (c.ғ.с.)  айқын көрініс тапқан. Бірақ, олар бұл ақиқатты біле тұра қасарысып, танып алады. Оған Алла Тағаланың: «Сөйте тұра, олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады» деген сөзі дәлел. Аяттағы «Китмән» (жасыру) сөзі білген нәрсесін әдейі жасыру мағынасын білдіреді. Абдулла ибн Сәламнан жеткен риуаятта: «Омар (р.а.) одан Пайғамбарымыз жайлы «Оны өз балаңдай танитын ба едің?» деп сұрағанда, ол: «Өз баламнан да артық танитынмын. Балама шек-шүбә келтіруім мүмкін. Өйткені, әйелімнің не істегенін толық білмеймін. Бірақ, Алла Елшісінің ақырғы пайғамбар екендігіне күмәнім болған емес» деп, жауап берді»[3] деген» деп, яһуди ғалымдары Алла елшісінің (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) өз кітаптарындағы сипаттарынан хақ пайғамбар екенін анық білді. Бірақ, қызғаныш пен көреалмаушылық иман етулеріне кедергі болғанын айтады.

Соңғы ғасырларда да батыс әлемінің көрнекті ғалымдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) хақ пайғамбар екенін растайтын әртүрлі тұжырымды ойлар айтқан. Мысалы: М.Харт: «Әлемде өте ықпалды болған адамдардың тізімінің басына Мұхаммедті қоюым кейбіреулерді таңдандыруы мүмкін. Алайда тарихта дүниелік әрі діни салада сөзсіз табысқа жеткен адам сол (Мұхаммед). Мұхаммедтің Исламға жасаған жеке ықпалы Иса Мәсіх пен Павелдің бірге христиандыққа жасаған ықпалынан әлде қайда артық. Діни және дүниелік тұрғыдан ықпал етудің теңдессіз түрде бірлесуі (бір адамның басына берілуі) тарихта Мұхаммедтің (с.ғ.с) ең ықпалды тұлға екендігін көрсетуге жеткілікті»[4] деген.

Абдуссамад ОҚАН

исламтанушы

kazislam.kz

[1]Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, «Дәру садыр» баспасы, Байрут. – 2007. 538 бет. 287-бет.

[2]Әділбаев А., Әділбаева Ш, Шапағат шамшырағы – әз Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәллам), «Көкжиек» баспасы, Алматы – 2013. 200 бет. 17, 23 бб.

[3]Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, 2005.1-том, 267-бет.

[4]Әділбаев А., Әділбаева Ш, Шапағат шамшырағы – әз Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәллам), «Көкжиек» баспасы, Алматы – 2013. 200 бет. 60-бет.

https://kazislam.kz/maturidi-m-zhiza-paj-ambarlyk-dalel/ Сайттан алынды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1355873
Пікірлер

Көрші сілтемелер