Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әр күні 14 парақ еңбек жазған - Sunna.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 09:20 - 2021/02/17

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/02/17/1021702/


Әр күні 14 парақ еңбек жазған - Sunna.kz

Атақты тәпсірші, тарихшы, хадис ілімінің майталманы имам ибн Жарир әт-Табаридің өмірі пенде атаулыға үлкен ғибрат. Ол секілді уақытын үнемдеген адам әлемде кемде-кем шығар. Қырық жыл бойы қатарынан күнделікті қырық бет ілім жазу оның әдеті болатын.

Әбу Мухаммад әл-Фарғани «Силә» кітабында мынандай деректі келтіреді:

«Балиғат жасынан бастап қайтыс болғанға дейінгі өмірінде жазған еңбектерін бөлген кезде әр күні 14 парақ еңбек жазған».

Ол түске жақындаған кезде тамақ ішетін, содан соң кішкене ұйықтап, бесін намазын үйінде оқитын. Сөйтіп, екінті намазына дейін ілімге ден қоятын. Екінті намазы болғанда мешітке барып, жамағатпен намаз оқитын, намаздан кейін шәкірттерінен кешегі сабақты сұрап, жаттауға жаңа сабақ беретін. Ақшам намазынан кейін шәкірттеріне дәріс жүргізетін. Құптан намазынан кейін үйіне барып, дініне, өзіне және ілімге уақытын бөлетін.

Атақты ғалым һижра жыл бойынша 224 жылы туылып, 310 жылы 86 жасында қайтыс болған. Мұсылман үмметіне 358 000 парақты қамтитын орасан зор еңбек қалдырған.

sunna.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1355358
Пікірлер

Көрші сілтемелер