Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Адам жақсы мінезді болмақ - Sunna.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 09:00 - 2021/02/17

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/02/17/1021701/


Адам жақсы мінезді болмақ - Sunna.kz

Уа, достар, жақсы мінезді болуға тырысу керек. Әуелі ынсапты болу керек. Ынсап деген әр істе аспай, кем қалмай, орташа болмай, әділет деген де осыдан шығады, әр істің орнын тауып істемек те осыдан шығады. Аятта: «Ин-нал-лаһа йухиббул-муцеитина». Мағынасы: «Алла тағала әділдік қылғандарды сүйеді» деген.

Және аятта: «Уа иза култум фагадилу уа лау қана за курба». Мағынасы: «Қашан да болса рас, әділ сөйлеңіз, егер жақының да болса рас, әділ сөйлеңіз, егер жақының үшін болса да, яғни жақындыққа да ңарамай» деген.

Және бір аятта: «Уа ла тадж-ғал йадака мағлулатан ила унуңика уа ла табсутһа құл-лал-басти фа такғуда малуман махсуран». Мағынасы: «Садақа, қайыр қылуға қолыңды мойныңа байлаулы сықылды да қылма және біржола алақаныңды ашып та жіберме – өйтсең малыңнан айырылып, табаланып, қайғыланып отырасың да қаларсың» деген.

Және аятта: «Иннал-мубаззирина кану ихуанаш-шайатина уа қанаш-шайтану ли раббиһи кафуран». Мағынасы: «Өлшеусіз ысырап қылған кісілер шайтанның туысқаны, шайтан Алла тағалаға кәпір болған» деген.

Және пайғамбарымыздың бір хадисі – «Ма ала ман иқтасада». Мағынасы: «Артық аспай, кем қалмай, орташа іс қылып жүргендерден» деген.

Енді рақымды болмақ туралы аят: «Хузил-афуа уамур билгурфи уағрид анил-джаһилина». Мағынасы: «Кешірімді болыңыз, жақсы жолға бұйырыңыз, надан бұзықтардан аулақ болыңыз» деген.

Және аят: «Ман зал-лази йукридул-лаһа кардан хасанан фа иудагифаху лаһу уа лаһу аджрун каримун». Мағынасы: «Кімде-кім Құдай үшін деп мұқтаждарға қарыз берсе, Алла тағала ондай екі есе беріп, ол үшін бек зор сауап берер» деген.

Және жоғарыда айтылған хадис – «Ахаб-бан-наса ма тухиббу нафсука» – өзің нені жақсы көрсең, өзгеге соны қыл» деген.

Және бір хадис – «Исмаху йусмах лакум». Мағынасы: «Кешірімді болыңыз, сізге де кешірімді, рақымды болар Алла Тағала» деген.

Және бір аят: «Ла тубтилу садақатақум бил-манни уал-әзә». Мағынасы: «Бұзбаңыз садақаңызды міндет қылып, яки ренжітіп» деген.

Және бір аят: «Каулун магруфун уа магфиратун хайрун мин садакатин йатбагуһа әзэ». Мағынасы: «Жақсы жылы сөз һәм кешірімділік міндет қылып, яки ренжітіп берген садақадан артық» деген.

Және пайғамбарымыздың бір хадисі – «Сәләсу ман қана фиһи хасабаһул-лаһу хисабан йасиран уа адхалахул-джаннатта би рахматиһи туғта ман харамака уа тагфу ғамман заламака уа тасул ман қатаға-ка». Мағынасы: «Үш түрлі істі қылған бенденің Алла тағала есебін жеңіл қылып, бейішке кіргізеді. Бірі – сені біреу құры қойса да, сен оны қойма. Бірі – біреу саған залымдық қылса да, сен оған залымдық қылма, кеш. Бірі – біреу саған келмей, сені көрмей қойса да, сен оған бар» деген.

Және пайғамбарымыз айтқан: «Ал-халку куллаһум ғайалал-лаһи фа ахаббахум илал-лаһи анфағуһум ли ғай-амиһи». Мағынасы: «Барша мақұлық – Алла тағаланың мақұлығы, оның ішіндегі Алла Тағалаға сүйіктісі  – мақұлықтарына пайдасы тигені» деген.

Және бір хадис – «Ин-нал-мугмина йудруку би хуснил-хулци дараджатал- қағи-ми». Мағынасы: «анығында мұсылман жақсы мінезімен күндіз ораза болып, түнде намаз оцығандардың дәрежесіне жетеді деген.

Және бір хадис – «Гафарал-лаһу газза уа джал-ла ли раджулин амата гусна шаукин ганит-туруки ма тақадда-ма мин занбиһи уа ма тағаххара» деген. Мағынасы: «Халықтың жүретұғын жолындағы бір тікенді Құдай үшін алып тастаған кісінің Алла тағала бұрынғы-соңғы күнәсін кешеді» деген.

Және бір хадис – «Инна хуснил-гахди минал-аймани». Мағынасы: «Адал уәдесін бұзбаған – иманның белгісі» деген.

Және бір хадис – «Иннакум ла йасғұнан-наса би амуаликум уа лакин йасғуһум минкум бастал-уад-жһи уа хуснпл-хулки». Мағынасы: «Сіздер адамдарды малменен өзіңізге қаратып ала алмассыз, бірақ жылы жүз, жақсы мінезбенен қаратып аларсыз» деген.

Және аятта: «Уа ла тастауи ал-хасанату уа ла ас-саййигату идфаг бил-лати һиа ахсану фа изал-лази байқана уа байнаһу ғадауа-тун қағаннаһу уалиййун хамимун». Мағынасы: «Ешқашан жақсылық пенен жамандық бірдей емес, кешіңіздер жамандықты жақсылық пенен, яғни жамандыққа жақсылық қыл, сонда дұшпандығыңыз достың болып, дәл жан-қияр досыңыздай болар» деген.

Және Алла Тағала бендесіне сабырлы болмақты бұйырған. Аятта: «Иннал-лаһа ма-ғас-сабирина» деген. Мағынасы: «Анығында Алла тағала сабыр қылушыларменен деген.

Және бір аятта: «Фа ин йа-кун минкум мигатун сабиратун йаглибу мигатайни уа ин йакун минкум алфун йаглибу алфайна бизнил-лаһи-уал-лаһу магас-сабирина». Мағынасы: «Егер сіз жүз сабырлы болсаңыз, сабырсыз екі жүз кісіні жеңесіз. Егерде мың кісі сабырлы болсаңыз, сабырсыз екі мың кісіні жеңесіз. Алла Тағаланың бендеге бендесі, орынсыз қорықпа» деп бұйырған. Онда тіпті Алла Тағаланы ұмытқан болып кетеді. Аятта айтқан: «Фа ла тахшауһум уахшауни уа ли утимма нигмати ғалайкум уа лагаллакум таһтадуна» деген. Мағынасы: «Ол залымдардан қорықпаңыз, менің қаһарымнан қорқыңдар. Сонда сіздерге толық нығмат берермін һәм тура жолды табарсыз деген. Және Алла Тағала біреуге біреу орынсыз зиян келтірсе, өзіңіздей ғана іс қылуға рұқсат қылған, олай да болса сабыр қылып, кешкеніңіз коп сауап болар» деп айтқан.

Аятта: «Уа ин ғакабтум фа гацибу би мисли ма гукибтум биһи уа лагин сабартум лаһуа хайрун лис-саби-рина». Мағынасы: «Біреу сендерді қинап ренжітсе, дәл сондай ғана орайын алуға рұқсат бар. Егерде кешіп, сабыр қылсаңыз, онда бек коп сауапқа жолығасыз» деген.

Енді жоғарғы аят-хадистерден байқаған шығарсыз, ынсапты, рақымды болмақ, сабырлы болмақтың көп сауап екенін. Әлбетте, ынсап, рақым, әдеп болмаса, адамның өзге хайуаннан артықтығы болмас еді. Әдепті болмақ туралы: «Әл-әдәбу нисфуд-дини». Мағынасы: «Әдеп – діннің жартысы» деген. Әдепті кісіде ұят бар, ұят бар кісіде иман бар, пайғамбарымыз: «Кімнің ұяты жоқ болса – соның иманы жоқ» деген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Мұсылмандық шарты» кітабынан

Sunna.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1355345
Пікірлер

Көрші сілтемелер