Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Азаттық – балалар көзімен» көркем сурет байқауы жарияланды - Sunna.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 18:10 - 2021/02/15

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/02/15/1021508-2/


«Азаттық – балалар көзімен» көркем сурет байқауы жарияланды - Sunna.kz

Ардақты ағайын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Азаттық – балалар көзімен» атты балалар арасында көркем сурет байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

Жас өркеннің патриоттық сезімін ояту;

Туған жерге деген махаббатын арттыру;

Балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау;

Азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау;

Байқау шарттары:

Байқауға 7-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады;

Байқау карантин талаптарына сай қашықтан өтеді;

Бір қатысушы бір ғана сурет жібере алады;

Байқауға А4 көлемінде салынған суреттің түпнұсқасы немесе JPEG форматында сканерден өткен суреттер қабылданады;

Әрбір үміткер салған суреттің оң жақ бұрышындағы төменгі жағына толық аты-жөнін, мектебі мен сыныбын және қала немесе ауылын жазу керек;

Қатысушардың жұмыстары 2021 жылдың 23 мамырына дейін aqparat-qogam@mail.ru электронды мекен-жайына жіберіліп, автордың аты-жөні, туған жылы, облысы, ауданы, қаласы, ауылы және байланыс телефоны көрсетілу қажет;

Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Қарасаз көшесi, 3 мекенжайына (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі) суреттердің түпнұсқасын жіберу сұралады.

Байқау жеңімпаздары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;

Байқауға қойылатын талаптар:

Салынған сурет байқаудың тақырыбына сай болуы;

Өзіндік ерекшелік пен шығармашылық ізденістің болуы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1354313
Пікірлер

Көрші сілтемелер