Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Күнәні кешірткен жауап - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 09:20 - 2021/01/13

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2021/01/13/2101/


Күнәні кешірткен жауап - Sunna.kz

Бірде Мұса (а.с.) пайғамбарға үмметінен бір кісі келіп: «Ей, Мұса! Раббыңа дұға етіп сұрашы, Раббымыздың құзырында ең жаман адам кім екен? Көрсетсінші, сол адамнан алыс жүрейік», – деп өтінеді.

Мұса (а.с.) пайғамбар Аллаға дұға етіп сұрағанда Алла Тағала: «Қазір өтетін адам менің құзырымда ең жаман адам», – деп бұйырады. Содан Мұса (а.с.) пайғамбар әлгі үмметі екеуі тағатсыздана күтіп отырады. Біраз уақыт өткеннен соң баласын жетектеген бір адам теңізге қарай бет алады. «Мына адам Алланың құзырында нендей жаман күнә жасады екен» деп Мұса пайғамбарға ой келеді.

Ертесіне кешегі үмметі тағы келіп: «Ей, Мұса! Раббыңа дұға етіп сұрашы, Раббымыздың құзырында ең жақсы адам кім екен? Көрсетсінші, сол адамға құрмет көрсетіп, жақын жүрейік», – деп өтінеді.

Мұса (а.с.) пайғамбар Аллаға дұға етіп сұрағанда Алла Тағала: «Қазір өтетін адам Менің құзырымда ең жақсы адам», – деп бұйырады. Содан Мұса (а.с.) пайғамбар әлгі үмметі екеуі тағатсыздана күтіп отырады. Біраз уақыт өткен соң тағы да кешегі баласын жетектеген адам өтеді.

Бұл кеше ғана Алланың құзырында ең жаман адам болған еді, бүгін қалайша ең жақсы адамға айналды екен деген ой еріксіз мазалайды.

Мұса (а.с.) пайғамбар Раббысына: «Уа, Раббым! Кеше Сенің құзырыңда ең жаман адам кім екен, бізге көрсетші» деп дұға еткенде ең жаман адамды көрсеттің. Бүгін «Сенің құзырыңда ең жақсы адам кім, бізге көрсетші дегенімізде тағы да кешегі ең жаман деген адамды көрсеттің. Қалайша бір күнде ең жаман адам, ең жақсы адамға айналды?» – деп сұрайды.

Сонда Алла Тағала: «Кеше ол адам баласын жетектеп теңіз жағасына барды. Сонда баласы әкесіне қарап: Әке, мынау не? – деп сұрады.

Әкесі: Балам, бұл теңіз, – деді.

Баласы: Әке, теңізден үлкен не бар? – деп сұрағанда

Әкесі: Балам, теңізден үлкен мұхит бар, – деп жауап берді.

Баласы: Әке, мұхиттан үлкен не бар? – деді.

Сонда әкесі: Балам, мұхиттан үлкен жер шары бар, – дегенде,

Баласы: Әке, жер шарынан үлкен не бар? – деп тағы сұрады.

Әкесі: Балам, жер шарынан да үлкен мына бейбақ әкеңнің күнәсі, – деді.

Баласы: Әке, әкемнің күнәсінан да үлкен не бар? – дегенде,

Әкесі: Балам, бейбақ әкеңнің күнәсынан да үлкен Алланың шексіз рахымы, мейірімі бар, – деп жауап берді. Міне сол үшін Мен оның күнәсін кештім», – деп бұйырады.

Sunna.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1334492
Пікірлер

Көрші сілтемелер