Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бас мүфти Құран жарысының жеңімпаздарын марапаттады (Видео+фото) - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 11:30 - 2020/10/16

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/10/10/10102020/


Бас мүфти Құран жарысының жеңімпаздарын марапаттады (Видео+фото) - Sunna.kz

10 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай Ақтау қаласында ұйымдастырылған «Әдемі әуезді азаншы» республикалық ІV азаншылар жарысы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Осымен төртінші рет өткен жарыста қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Битенов жеңіп алса, екінші орын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының наиб имамы Әбділмүтәліп Жорақұлұлына бұйырды. Ал үшінші орынды Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» мешітінің азаншысы Ақназар Маратұлы қанжығасына байлады. Жамбыл облысынан келген Жалғасбай Жұбатқанов, қарағандылық Сағындық Ахмедиянов пен қызылордалық Бекзат Жүсіпұлы ынталандыру сыйлығына ие болса, жеңімпаздарды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттап, ақ тілегін айтты.

– Қазақта «Құдайға жағам десең, азанды бол, халыққа жағам десең, қазанды бол» деген сөз бар. Азан – шариғатта үкімі бекітілген сүннет. Азанның дұрыс болуы, мақамның әдемілігі өте маңызды. Азаншылар жарысының мақсаты да олардың кәсібилігін арттыру, әдемі айту ғана емес, азанның шарттарын да білу керек. Әлемді жайлаған пандемия кезінде мешіт есіктері жабылғанымен, азан айту тоқтаған жоқ. Мешіттерде бес мезгіл азан үні шарықтап тұрды. Азан айтылған жерді Алла Тағала түрлі жамандықтан сақтайды. Лайым, әдемі әуезді азаншылар көп болып, халқымыздың имандылығы артып, жерімізде тыныштық болғай, – деді Бас мүфти.

Сондай-ақ ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы азаншылар жарысын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарда бар екенін айтты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен, сондай-ақ, жарысқа қатысушылар мен демеушілер арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1281541
Пікірлер

Көрші сілтемелер