Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Халал Даму» мамандары тікелей эфирде - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 12:50 - 2020/09/23

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/09/23/0954/


«Халал Даму» мамандары тікелей эфирде - Sunna.kz

22 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС мамандары көпшілікке халалдың маңыздылығын түсіндіру, адал ас және атқарылған шаралар жөнінде ақпараттандыру мақсатында әр сәрсенбі сайын тікелей эфир жүргізіп келеді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. 

Бұған дейін 7 эфир өткізіп, көптің сауалына жауап берілсе, ертең, яғни, 23 қыркүйекте «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Аташев «Еңбек апталығына» орай «Еңбектің наны – адал» тақырыбында тікелей эфир өткізеді.

Қарапайым тұтынушылармен байланысты нығайту, сату құралына айналған «халал» таңбасына деген ел сенімін арттыру, тұтынушылардың халал жөнінде білімін жетілдіру, әр адамның астың халалын тұтынып, ісінің адалынан болуын насихаттайтын «Сәтті сұхбат» айдарын әр сәрсенбі сағат 15:00-де @halaldamu.kz парақшасынан тамашалаңыздар!

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1266014
Пікірлер

Көрші сілтемелер