Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ғаламтор жұмысы жанданбақ - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 11:50 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/09/17/0950/


Ғаламтор жұмысы жанданбақ - Sunna.kz

17 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі қызметкерлерінің жалпы жиналысы өтті.

Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіповтың төрағалығымен өткен жиынның екінші бөліміне ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов арнайы қатысты.

Марат Бектазинов жиынға қатысқан елордадағы 12 мешіттің бас имамдары мен наиб имамдарына қалалық мешіттердің сайттары мен әлеуметтік желілердегі жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныс-кеңесін айтты.

Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі карантин кезінде онлайн өткізіліп жатқан сабақтар мен дәрістердің маңыздылығына тоқталып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1262038
Пікірлер

Көрші сілтемелер