Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Наурызбай қажы Тағанұлы Қайрат Лама Шариппен кездесті (ФОТО) - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 15:40 - 2020/09/12

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/09/12/0935/


Наурызбай қажы Тағанұлы Қайрат Лама Шариппен кездесті (ФОТО) - Sunna.kz

12 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесті, , деп хабарлайды Мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Кездесуде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда ғана Мысыр еліне елші болып тағайындалған Қайрат Қайырбекұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Басқосуда Қазақстан мен Мысыр мемлекеті арасындағы тарихи-мәдени байланыс барысы талқыланды. Сонымен қатар ҚМДБ мен әл-Әзһар университеті арасында қалыптасқан әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолдары сөз болды.

Өз кезегінде Қайрат  Қайырбекұлы ҚМДБ бастамаларына барынша қолдау көрсететінін мәлімдеп, өзара ынтымақтастықты арттыруға ниет білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1258993
Пікірлер

Көрші сілтемелер