Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңбыр-бұршақ, жел, тұман – сәрсенбіге арналған ауа райы - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 09:50 - 2020/06/17

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/06/17/0000523/


Жаңбыр-бұршақ, жел, тұман – сәрсенбіге арналған ауа райы - Sunna.kz

17 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Сәрсенбі күні елімізде найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

17 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Орталықта, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жауады.

Алматы, Түркістан, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Атырау облысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Павлодар, Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1202078
Пікірлер

Көрші сілтемелер