Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Пайғамбарымыз ғалайһиссәләмді түсімізге кіретіні рас па? - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 13:00 - 2020/06/10

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/06/10/0000508/


Пайғамбарымыз ғалайһиссәләмді түсімізге кіретіні рас па? - Sunna.kz

Сұрақ: Әссәламу уалейкум! Сіздердің сұрайын дегенім, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түсімізге кіретіні қаншалықты рас?

Жауап: Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Кімде-кім мені түсінде көрсе, өңінде де көргені, өйткені шайтан менің бейнеме ене алмайды»[1] деген хадис жеткен. Алайда, кейбір ғұламалардың көзқарасы бойынша, Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көрген адам оның сипаттарымен де қоса көруі керек екендігін айтқан. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) әркім түсінде әртүрлі көруін былай деп түсіндіре аламыз.

Адамдардың көрген түсі мен өздерінің рухани болмыстары арасында жақын байланыс бар.

Егер адам түсінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кейбір жақсы қасиеттерін көрмесе, демек, ол адамның өзінде сол қасиеттер жетіспейді деген сөз. Кейде адамның жағдайына қарай ишаралар да болуы мүмкін. Сол себепті де әртүрлі көреді.

muslim.kz

[1] Бұхари, Табир 2, 10

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1197611
Пікірлер

Көрші сілтемелер