Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бас мүфти аяулы Үкіжан ананың қазасына байланысты көңіл айтты (ФОТО) - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 09:50 - 2020/06/10

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/06/09/0000506/


Бас мүфти аяулы Үкіжан ананың қазасына байланысты көңіл айтты (ФОТО) - Sunna.kz

9 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ұлтымыздың аяулы анасы, әйгілі Садуақас қажы Ғылманидың перзенті Үкіжан (Мүмина) апаның қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«97 жасында бақиға озған Үкіжан (Мүмина) апа туралы қайғылы хабар менің де жаныма батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның туыстарына көңіл айтамын. Әйгілі ғұлама, қази Садуақас қажы Ғылманидың перзенті Үкіжан апаның әке мұрасына деген жанашырлығы, аманатқа адалдығы, жеке басының тақуалығы мен тұлғасы баршамызға үлгі болатын. Алла Тағала апамызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Әмин» делінген Бас мүфидің көңіл айту жеделхатында.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1197435
Пікірлер

Көрші сілтемелер