Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақ тіліне жаңа мәртебе берілді - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 10:10 - 2020/06/08

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/06/08/000503/


Қазақ тіліне жаңа мәртебе берілді - Sunna.kz

8 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –Microsoft компаниясы Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілінің қосылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады turkystan.kz басылымы.

«Тілге қатысты кедергіні жою жөніндегі миссиямызды жалғастыру барысында Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қосқанымызды қуана хабарлаймыз. Qazaqsha не Qazaq Tili Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде қолданылады. Қазақша сөйлейтін 22 миллионға жуық адам бар», делінген хабарламада.

Алдағы күндерде қазақ тілі Microsoft-тың аударма жасайтын қолданбалары, баптаулары, Office бағдарламасы, Bing-ке арналған аудармашыда және кәсіпкерлер мен мен бағдарлама жасаушыларға арналған Azure Cognitive Services аударма қызметі сияқты жобаларында қолжетімді болмақ.

Енді кирилица әліпбиімен терілген мәтінді Microsoft Translator-де қазақша немесе басқа 60 шақты тілге аударуға болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1195849
Пікірлер

Көрші сілтемелер