Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кезекті онлайн Төралқа мәжілісі өтті (ФОТО) - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 12:10 - 2020/06/04

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/06/03/0000499/


Кезекті онлайн Төралқа мәжілісі өтті (ФОТО) - Sunna.kz

3 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті онлайн Төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі

Мәжілістің күн тәртібінде халықтың сұранысы мен өтінішіне орай қажетті өңірлерде мешіт салу, мешіттерде санитарлық талаптарды сақтау, құлшылық үйлеріне кезекті дезинфекция шараларын жүргізу, т.б. мәселелер талқыланды.

Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мешітті салу кезінде мүфтият тарапынан бекітілген арнайы тәртіп ережесін сақтауға, құлшылық үйлерінің құжатын өз уақытында рәсімдеуге назар аударды.

Басқосуда облыстың бас имамдары Бас мүфтиге өңірдегі діни ахуалды баяндап берді.

Онлайн Төралқа мәжілісі соңында Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Орталық аппараты мен облыс бас имамдарына нақты тапсырмалар берді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1193555
Пікірлер

Көрші сілтемелер