Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ҚМДБ бөлімдерінің жұмысы пысықталды - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/06/04

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2020/06/03/0000498-2/


ҚМДБ бөлімдерінің жұмысы пысықталды - Sunna.kz

3 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың төрағалығымен жекелеген бөлімдердің мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Мәжіліске ҚМДБ Шариғат және пәтуа; Қайырымдылық және уақып істері; Уағыз-насихат; Қажылық бөлімдері мен осы бөлімдерге қарасты Жастар; Сараптама; Әйелдер секторы, сондай-ақ «Тауаф» қажылық фирмасының өкілдері қатысты.

Жиналыста күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланды. Наиб мүфти Ершат Оңғаров: «Бөлімдер елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде де маңызды жұмыстар атқарды. Әсіресе онлайн уағыздар мен жиындарға басымдық берілді. Қайырымдылық шаралары молынан атқарылды. Оны ел мұсылмандары көріп, бағасын беріп отыр» дей келе, Бас мүфти тапсырмаларының орындалуы тексерілді.

Атап айтқанда, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісін өткізу, ЖАНТ мүшелеріне арналған онлайн жиын ұйымдастыру, қажылық, сараптама жұмыстарын ұйымдастыру, жастар және қыз-келіншектермен жұмысты жетілдіру секілді мәселелер талқыланды.

Мәжіліс соңында ҚМДБ Төрағасының орынбасары бөлімдер мен секторлар басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1193541
Пікірлер

Көрші сілтемелер