Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1825179630 %70 %

ҚМДБ: ЕЛОРДАДА ЕЛУ ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ (ФОТО) – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 22:40 - 2019/10/09


ҚМДБ: ЕЛОРДАДА ЕЛУ ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ (ФОТО) – Sunna.kz

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен Елордадағы 50 отбасына қасиетті рамазан айының сыйлығы үлестірілді.

Жүрекке жылулық пен қуаныш сыйлаған шараға наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтар қатысты.

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: «Баршаңызды рамазан айымен құттықтаймын. Рамазан – бауырмашылдық, жақсылық айы. Біздің мақсатымыз – қасиетті айда әр отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлеу. Алла Тағала сіз бен біздің қуанышымызды арттырып, өзінің мейірім-шапағатына бөлегей», – деп атап өтті.

«Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың мәлімдеуінше, тұрғындарға берілген сыйлықтар ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті ауқымды түрлі азық-түліктер бар. Қажетті азық-түліктер дін қызметкерлерінің пітір садақасы есебінен алынды. Мұндай шара тұрақты түрде жүзеге аса бермек.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1057898
Пікірлер

Көрші сілтемелер