Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237823143 %57 %

Мешіт қонақтары үшін айрықша жоба басталды (ФОТО) – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 14:30 - 2019/10/07


Мешіт қонақтары үшін айрықша жоба басталды (ФОТО) – Sunna.kz

Бүгінде атақ-абыройы алыс-жақын шетелдерге кеңінен жайылған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін жамағат үшін айрықша жоба басталды. Тек жұма күні сағат 10.00 мен 12.00 аралығында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтының қызметкерлері құлшылық ордасының қонақтары үшін тегін фотосессия өткізіп тұратын болмақ.

Елордамызға ат басын тіреген қонақтардың ең алдымен сәулеті мен сәні келіскен «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, Орталық Азия бойынша теңдесі жоқ құлшылық ордасын тамашалауға асығатыны айтпасақ та болатындай. Бұдан бөлек, күн сайын «Әзірет Сұлтан» мешітіне ағылған қала тұрғындарының да қатары жыл санап артып келеді. Осы орайда, қонақтардың көбісі дерлік мешітпен танысқан мерейлі сәттерін суретке түсіріп, естелік етіп қалдырғысы келетіні жасырын емес.

Осыған байланысты, Бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Muslim.kz сайтының қызметкерлері қасиетті жұма күні қонақтар үшін арнайы жоба бастап, қуанышты сәттерін сапалы суреттерге айналдыруды қолға алды. Әсіресе, алыстан келген қонақтар үшін тиімді болған жобаның алғашқы күні-ақ фотограф алдында кезекке тұрғандар едәуір болды.

Айта кетейік, «Тегін фотосессия» жобасы тек жұма күндері 10.00 мен 12.00. аралығында ғана жүргізілетін болмақ. Түсірілген суреттер Muslim.kz сайтының «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарында бірден жүктеліп отыратын болады.

Дереккөз: Muslim.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1056737
Пікірлер

Көрші сілтемелер