Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2118259643 %57 %

БАС МҮФТИ «С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 03:30 - 2019/09/12


БАС МҮФТИ «С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ – Sunna.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жамағатымен кездесіп, ұрпақ тәрбиесі жайлы жұма уағызын жүргізді.

«Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти:

«Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыдағы үлкен идеалымыз – Пайғамбарымыз ﷺ. Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге:  «Алла Тағала жүрегіңдегі мейіріміңді алып қойған болса, мен не істейін енді?» – деп реніш білдірген. Себебі мейірімділікпен өскен бала да мейірімді болады. Мейірімділік жүректі жібітіп, жұмсақтығын жоғалтпауын қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық, керісінше, жүректі қатайтады.  Әдепті болу, қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсету деген сөз. Міне, мұндай ұрпақ, Абайша айтсақ, ата-ананың көз қуанышы, қызығы мен сүйініші», – деп атап өтті.

Сондай ақ, Бас мүфти қалалық «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа тағайындалған бас имам Нұрлан Рамазановқа мешіт жұмысын жандандыра түсуді тапыра келе, қызметіне табыс тіледі. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1046915
Пікірлер

Көрші сілтемелер