Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2212542144 %56 %

ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО) – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 10:40 - 2019/09/11


ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО) – Sunna.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсарту, фирмалар арасында адал бәсекелестікке қол жеткізу және жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмаларға жарияланған конкурс бойынша түскен құжаттарды саралап, шешім шығару үшін құрылған комиссия мүшелері арасында жиналыс өтті.

Жиынға, ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Б.Есмахан, Аппарат басшысы Ғ.Мәжиев, Халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің меңгерушісі Е.Оңғаров, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Әбу-Ханифа» орталығы жетекшісі Ш.Керім және Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысханұлы қатысты.

Алғы сөз ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлына берілді. Комиссия төрағасы өз сөзінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен арнайы Қажылық комиссиясы құрылғанын, комиссияның мүшелері компаниялардан талап етілетін тиісті құжаттарды 2019 жылдың 1 наурыз айына дейін қабылдайтынын ресми мәлімдегенін атап өтті. Осыған орай, комиссия мүшелерін «2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмаларға квота бөлу» ережесімен таныстырды. Туристік фирмаларға квота бөлуде әділдік, шынайылық принциптерін басшылыққа алуды тапсырды.

ҚМДБ жариялаған конкурсқа 25 турфирма қатысу туралы өтініш білдіргенін айтып өтті. Оның тізімі төмендегідей:

  1. «Atlas Tourism» ЖШС
  2. «Хикмет Тревел» ЖШС
  3. «TBB тур» ЖШС
  4. «Қызмет Саяхат» ЖШС
  5. «Qazaq Travel» ЖШС
  6. «Яссауи» ЖШС
  7. «Tawaf Travel» ЖШС
  8. «Delta Tour» ЖШС
  9. «Мина тур» ЖШС
  10. «Zam-Zam» ЖШС
  11. «Dostyk Travel» ЖШС
  12. «Алия» ЖШС
  13. «Хидаят-Нур» ЖШС
  14. «Ордабасы-НЖ» ЖШС
  15. «Dauphin Travel» ЖШС
  16. «Асыл Мақсат» ЖШС
  17. «Нұр-Қазақстан» ЖШС
  18. «Робинзон» ЖШС
  19. «Sanabl» ЖШС
  20. «Иман Тревел тур» ЖШС
  21. «Ансар Круиз» ЖШС
  22. «Сембекова и компания» ЖШС
  23. «Кәусар Саяхат» ЖШС
  24. «Султан Тур» ЖШС
  25. «Ал-Маруа» ЖШС

Сөз кезегін алған ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы туристік фирмалардан келген өтініштер мен құжаттарды ортаға салды. Комиссия мүшелері арнайы дайындалған «Туристік фирмаларға квота бөлудің баллдық-рейтингтік жүйесі» атты ережесіне сүйене отырып, төмендегі 8 (сегіз) категория бойынша балл беру арқылы квоталарды бөлді:

  1. Халықаралық стандарттарға сәйкес ІАТА (International Air Transport Association) сертификаттарының болуы;
  2. Өз қызметі аясында ҚМДБ Қажылық миссиясы тарапынан ереже бұзғаны туралы ескертудің бары/жоғы;
  3. Өз қызметі аясында Сауд Арабия Королдігі Қажылық министрлігі тарапынан фирманың соңғы 5 жыл ішінде атқарған қызметі бойынша кемшіліктер туралы шағымдар мен ескертулердің (мухаләфә/ереже бұзу) болмауы;
  4. ҚР аумағында халыққа сапалы туристік қызмет көрсете алатын офисінің болуы;
  5. Халықаралық стандарттарға сәйкес ASTA (American Society of Travel Advisors) сертификаттарының болуы;
  6. Туристік фирманың ҚР Әділет органдарында тіркелгендігі туралы куәлігінің болуы;
  7. Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің болуы;
  8. Туроператорлық лицензиясының болуы.

Жиналыс соңында қажылық комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес, 2019 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмаларға тиісті бағасы беріліп, квота саны бөлінді.

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚҚА КВОТА БӨЛУ ПАРАҒЫ

Туристік фирма атауы

Жиынтық балл

Берілген квота саны

1

«Атлас Туризм» ЖШС

80

303

2

«Яссауи» туризм жөніндегі компаниясы» ЖШС

80

303

3

«Кызмет Саяхат» ЖШС

75

283

4

«Хикмет Тревел» ЖШС

75

283

5

«Zam-Zam company» ЖШС

75

283

6

«Сембекова и компания» ТС

35

132

7

«Qazaq Travel» ЖШС

35

132

8

«Delta Tour» ЖШС

35

132

9

«Хидаят-Нур» ЖШС

35

132

10

«Ал-Маруа» ЖШС

35

132

11

«TBB тур» ЖШС

35

132

12

«Нұр-Қазақстан» ЖШС

30

113

13

«Мина-Тур» ЖШС

30

113

14

«Ордабасы-НЖ» ЖШС

30

113

15

«Ансар-Круиз» ЖШС

30

113

16

«Иман TRAVEL Тур» ЖШС

30

113

17

«Робинзон» ӨК

25

94

18

«Sanabl» ЖШС

25

94

19

«Dostyk Travel» ЖШС

20

КВОТА БӨЛІНБЕДІ

20

«Алия» ЖШС

15

КВОТА БӨЛІНБЕДІ

21

«Dauphin Travel» ЖШС

15

КВОТА БӨЛІНБЕДІ

22

«Асыл Мақсат» ЖШС

15

КВОТА БӨЛІНБЕДІ

23

«Кәусар-саяхат» ЖШС

15

КВОТА БӨЛІНБЕДІ

24

«Султан-Тур» ЖШС

15

КВОТА БӨЛІНБЕДІ

25

«Tawaf Travel» ЖШС

КВОТА БӨЛІНБЕДІ

Квота бөлінбеген соңғы 7 (жеті) туристік фирма өзге квота алған фирмалармен өзара келісіп, қажыларды тасымалдауға құқылы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1046472
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Вашингтонда атыс болып, 4 min
Нұр-Сұлтанда адасып кет 14 min
Павлодарда полицей асыл 24 min
Семейде Әмина Өмірзақов 25 min
Ақтөбе облысында жетінш 1 sagt
Ковалев пен Альварес ал 1 sagt
"Астана" "Манчестер Юна 1 sagt
Рамазан қарсаңында меші 1 sagt
Интернет жұлдызы тікеле 1 sagt
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 2 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 2 sagt
Елордада Тіл туралы заң 2 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 3 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 3 sagt
Парижде үкіметке қарсы 3 sagt
Атырау облысы Қазақстан 3 sagt
Тағы бір қазақстандық с 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 4 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 4 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 4 sagt