Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22422159453 %47 %

Елорда мешіттері төрт жарым мың отбасыға ет таратты – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 13:10 - 2019/08/14


Елорда мешіттері төрт жарым мың отбасыға ет таратты – Sunna.kz

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Елорда мешіттері арасында ұйымдастырылған «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы аясында айт күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы 4420 отбасыға ет таратылып, көмек көрсетілді. Айт намазы оқылып болысымен «Алтын таға» мал базарында құрбандық шалу рәсімі басталып, құрбандық еттерін тарату жұмыстарына жалғасқан болатын.

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты 11 мешітті түгел қамтыған «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы аясында 60 ірі қара құрбандық шалынды. Бұдан бөлек, қала тұрғындарының мешіттерге әкеліп өткізген құрбандық еттерінен есебінен жалпы есебі 28 тонна ет жиналып, 4420 отбасыға үлестірілді. Қасиетті Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінің 28-аятында «Одан өздерің де жеңдер және мұқтаж, пақырларға да жегізіңдер» деп айтылғандай, айт күндері еліміз бойынша қаншама мұқтаж отбасының қазаны бұрқылдап, қайырымдылық шуағына бөлене түседі. Қасиетті мерекенің шынайы шарапаты, қайырымдылық қасиеті осы болса керек!

Қайырымдылық шарасы аясында құрбандық еттері Елордамыздағы тұрмысы төмен, көпбалалы, асыраушысынан айырылған отбасыларға, арнайы тіркеуде тұрған мүгедек жандарға, т.б. түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне таратылды.

Сондай-ақ, мереке күндері өкілдік тапсырмасы негізінде құлшылық ордаларында тұрлі мәдени ісшаралар ұйымдастырылды. Айт мерекесінің екінші, үшінші күндері «Балалар үйі» мен «Қарттар үйін» арнайы зиярат етіп, мешіт қызметкерлері мерекемен құттықтап қайтты. Сапар барысында қарттар мен балаларға түрлі сыйлықтар тарту етіліп, мерекелік дастархан жайылды.

Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық шарасына құлшылық ордаларының үлесі:

«Әзірет Сұлтан» мешіті – 1540
«Нұр Астана» мешіті – 1030
«Ғылмани» мешіті – 830
«Ырыскелді қажы» мешіті – 160
«Ақ мешіт» – 150
«Əлжан ана» мешіті – 70
«Әс Салам» мешіті – 110
«Төлебай» мешіті – 195
«Райса ана» мешіті – 195
«Әл Ғани» – 90
«Шейх Кунта қажы» мешіті – 160

muslim.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1034227
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Лашық райондарын жаңала 2 min
Аршынды қәдәммен алға б 2 min
Магистратураға түсушіле 3 min
Қыркүйекте қазақстандық 6 min
Ауыл жастары мешіт имам 12 min
Үйінен қашып кеткен 13 12 min
Т.Макдевит: Сеул мен Ва 12 min
Сыртқы істер министрліг 12 min
Ақтөбеде Өзбекстан азам 12 min
Магистратура қорытындыс 15 min
Алматы Орталық Азия елд 21 min
Жүңгө тілшілер бірлесті 22 min
Қоғам апталық шолу №33 22 min
АҚШ Тайваньға 66 жойғыш 22 min
"Әкесі бар адамға 22 min
Токио-2020 Олимпиада ой 24 min
Байдарка мен каноеде ес 27 min
«Зекет» қоры 120-шы бас 27 min
Трамп Сирияда қолға түс 1 sagt
Ресейдің Иркутск облысы 1 sagt
Тұрақты мекенжайы жоқ Қ 1 sagt
Өтіріктен де ауыр күнә 1 sagt
Тянжин шинжяңға көмекте 1 sagt
Боливияда 500 мың гекта 1 sagt
Елорда әкімі екі мектеп 1 sagt
Балық аулау жарысын өтк 1 sagt
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 1 sagt
Қашан өлетініңді 10 жыл 1 sagt
«Астана» университетіні 1 sagt
Вакансиялар мен төлемде 1 sagt