Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22422159453 %47 %

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ПАЛЕСТИНА ЕЛШІСІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО) – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 00:30 - 2019/08/13


СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ПАЛЕСТИНА ЕЛШІСІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО) – Sunna.kz

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Палестина Елшісі Монтасер Әбу Зейд мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен Палестинаның мәдени, рухани салалар бойынша қарым-қатынасы, қазіргі мұсылман үмбетінің өзара ынтымағы мен бауырмашылдығы сөз болды. Басқосуда Бас мүфти Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген елдермен, оның ішінде Палестина мемлекетімен қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Өз кезегінде Монтасер Әбу Зейд Қазақстан егемендігін жариялаған сәтте қазақ халқын тәуелсіздікпен құттықтаған мемлекеттер ішінде Палестинаның болғанын тілге тиек етті.

«Біздің еліміздің басты байлығы – халықтар бірлігінде, ұлтаралық, дінаралық татулық пен келісімде. Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының алты дүркін съезін өткізіп, дүниежүзі халықтарын бірлік пен ынтымаққа, өзара достық пен бауырмалдыққа үндеп келеді. Біздің басты құндылығымыз – бейбітшілікте», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Өз кезегінде дипломат Монтасер Әбу Зейд:

«Рас, Ислам – достық пен сүйіспеншілік діні. Біз исламофобия үрдісі белең алған қазіргі заманда тек адамгершілік пен мейірімділікке негізделген асыл дінімізді көбірек насихаттауымыз керек. Сондықтан, Исламды қаралау ниетімен жасалған кез-келген әрекетке тосқауыл болуымыз керек», – деген пікірін жеткізді.

Кездесу соңында дипломат Дінбасына Палестинаға ресми сапарға шақырды.

muftyat.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1033628
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Лашық райондарын жаңала 2 min
Аршынды қәдәммен алға б 2 min
Магистратураға түсушіле 3 min
Қыркүйекте қазақстандық 6 min
Ауыл жастары мешіт имам 12 min
Үйінен қашып кеткен 13 12 min
Т.Макдевит: Сеул мен Ва 12 min
Сыртқы істер министрліг 12 min
Ақтөбеде Өзбекстан азам 12 min
Магистратура қорытындыс 15 min
Алматы Орталық Азия елд 21 min
Жүңгө тілшілер бірлесті 22 min
Қоғам апталық шолу №33 22 min
АҚШ Тайваньға 66 жойғыш 22 min
"Әкесі бар адамға 22 min
Токио-2020 Олимпиада ой 24 min
Байдарка мен каноеде ес 27 min
«Зекет» қоры 120-шы бас 27 min
Трамп Сирияда қолға түс 1 sagt
Ресейдің Иркутск облысы 1 sagt
Тұрақты мекенжайы жоқ Қ 1 sagt
Өтіріктен де ауыр күнә 1 sagt
Тянжин шинжяңға көмекте 1 sagt
Боливияда 500 мың гекта 1 sagt
Елорда әкімі екі мектеп 1 sagt
Балық аулау жарысын өтк 1 sagt
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 1 sagt
Қашан өлетініңді 10 жыл 1 sagt
«Астана» университетіні 1 sagt
Вакансиялар мен төлемде 1 sagt