Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20345155438 %62 %

Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық мекемесінің өкілдерін қабылдады - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 17:30 - 2019/07/11


Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық мекемесінің өкілдерін қабылдады - Sunna.kz

ҚМДБ бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өздерінің өтініші бойынша «Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығының» өкілдерін қабылдады. Жиынға Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесшісі Мекежанов Балтабай және ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев және аталған мекеменің басшысы Ахметжан Омаров, орынбасары Оралбек Рахымбек қатысты. Кездесу барысында шешімін таппаған бірнеше жайттар қаралды. Оның ішіндегі өзектісі қайырымдылық мекемелеріндегі діни білім беру мәселесі болып отыр. Өйткені аталған мекемелер Діни басқарманың рұқсатынсыз шариғат шеңберінде ілім үйретуге құқығы жоқ. Осы орайда «Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» муфтиятпен бірлесе діни білім беруді қолға алмақ. Сондай-ақ пансионаттарға жазғы және қысқы уақытта балаларды тасымалдау жағының қиын екені де айтылды. Кездесу барысында Діни басқарма өкілдері екі жақты келісім тек 1 жылға ғана жасалады деген мәмілеге тоқталды. Келісім шеңберінде екі тарап өз қалауынша ұзарта алады. Айта кетсек, бүгінде еліміз бойынша 2500-ден аса бала қайырымдылық пансионаттарында білім алып жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1021987
Пікірлер

Көрші сілтемелер