Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел – Ислам және Өркениет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 10:00 - 2016/12/02



1407022812-1Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, 
 Қазақстан мұсылмандары
діни  
басқармасының төрағасы,
Бас мүфти

Асыл дініміз Исламда әйелге айрықша мәртебе берілген. Имандылық, ізеттілік, қайырым-дылық, жанашырлық жолын ұс-танған халқымыз қыз-келіншекті құрметтеудің үлгісін көрсеткен. Қызды құрметтеуге келгенде оны тіпті төрге шығарған, ал тәрбиесіне келгенде қызды қырық үйден тыйған. Осы тыйымның бәрі әйелдің иманы мен құрметін, ары мен ұятын қорғайды.
Қасиетті Құранда әйелдерге арналған арнайы сүрелер бар. Олар «Ниса», «Мәриям» деп аталады. Бұдан бөлек, Алла Тағала «Талақ», «Тахрим», «Ахзаб», «Нұр», «Мұмтахина» сүрелерінде де әйел-дің мәртебесін, оның құқықтары мен міндеттерін ашық баяндаған. Біз бұл сүрелер мен аяттардан Ислам дінінің әйел баласына қаншалықты көңіл бөлетінін анық аңғарамыз.
Жаратушы Иеміз «Ниса» сүресінің 19-аятында: «Әйелдерің-мен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деп бұйырған. Ал соңғы пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың са-лауаты мен сәлемі болсын): «Иман тұрғысынан мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар. Сендердің ең ардақтыларың − жарлары мен балаларына жақсы қарағандарың. Араларыңда жанұясына ең жақсы қарайтын менмін», – деп, сөзімен де, ісімен де үлгі-өнеге көрсетіп кеткен.
Өкінішке қарай, біздің қоғамда әйеліне қол көтеру, оны шеттей бала-шағасымен тастап кете салу, қыз-келіншектердің құқықтарына мән бермеу секілді әрекеттер көрініс тауып жатыр. Тіпті, осындай оқиғалар күн сайын орын алып, үйреншікті жағдайға айналып бара жатқандай. Әйеліне ауыр соққы берген кейбір ер азаматтардың еркекке жараспайтын әлсіз әрекеттері біздің де жүрегімізді ауыртады. Шіркін-ай, солар «әйел – ер-азаматқа аманат» деген ұғымды жүрегімен ұғынса дейсің…
Адам баласы жамандық атаулыны өзіне әсте қаламайды. Мойындайықшы, өз қызымыздың тұрмыста қорлық көргенін қаламаймыз ғой? Олай болса, қалайша біреудің аялап өсірген қызына зиян тигізуге арымыз бен ұятымыз тосқауыл болмайды? Әділдік қайда? Хәкім Абай Құнанбайұлы: «Әділдік – ізгіліктің іргетасы. Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ», – деген екен. Демек, халқымыз: «Ұяты жоқтың – иманы жоқ», – деп босқа айтпаған…
Алла Елшісі: «Мүмін ер адам еш уақытта мүмін әйелді жек көруші болмасын. Егер де қандай да бір мүмін әйелдің әлдебір мінезі көңіліне жақпаса, басқа бір қасиетін ұнатар», – дейді.
Расымен де, адамнан кемшілік іздеу оңай. Ал оның жақсы жағын көре білу – адамгершіліктен. Бейнелеп айтқанда, әйеліміздің болмысынан нені көргіміз келеді, соны әрқашан байқап қоя береді екенбіз. Ал пайғамбарымыз айт-қандай, оның мінезінде көңілге ұнамсыз нәрсе болса, оның басқа сипатын, қабілетін, ұстамдылығын жақсы көріп қалуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әйелдің жақсы мінезін көре біліп, әлсіз тұсын емдеуге, тәрбиелеуге тырысуымыз тиіс.
Тағы бір айта кетер жағдай, Құдай қосқан қосағымыздың кемшілігін бетіне баса беру де – үлкен қателік. Кемшілік айтумен кетпейді екен. Оны кетіретін нәрсе – тәрбиелеу, жақсы мінезін көбірек айту. Итің жаман десе, ренжіп қалатын қазақ емеспіз бе? Біреуге мінезің жаман десең, керісінше, мәселені одан сайын ушықтырып аламыз.
Амр ибн әл-Ахуас әл-Жушами (р.а.) былай деген екен: «Пайғамбарымыз қоштасу қажылығында Алла Тағалаға мақтау айтып, шүкіршілік білдірген соң жамағатқа былай деп насихат айтқанын естідім: «Әйелдеріңе жақсы қараңдар, өйткені сендер шын мәнінде оларға жауаптысыңдар. Анық арсыздық жасамайынша (күйеуіне опасыздық жасамайынша немесе бойсұнудан бас тартпайынша), олармен тек жақсы қарым-қатынаста болуға тиіссіңдер. Сендер үшін бұдан басқа жол жоқ…». Бұл хадисті әрі қарай тәптіштеп түсіндіріп жатудың қажеті жоқ шығар.
Ел арасында қалжың ретінде айтылып жүрген: «Жаман әйел жаман еркектен шығады», – деген сөз бар. Расында, әйелді жақсылыққа да, жамандыққа да үйрететін – өзіміз. Өзіміз қандай болсақ, жарымыз да солай болмақ. Ғалымдардың айтқан даналық сөзі бар: «Бала-шағаны түзеуден бұрын әуелі өзіңді түзе». Сол секілді, әйелді тәрбиелеуден бұрын әуелі өзімізді тәрбиелеп алғанымыз абзал. Өзгеден бір нәрсені талап етуден бұрын оған бірінші сол нәрсені беру қажет деген қағида бар. Демек, тәрбие беруші адамның өзі тәрбиелі болу қажет, сол іске бірінші өзі үлгі болуы шарт.
Біздер, ер кісілер әйеліміздің моральдық һәм материалдық ха-қыларын бермесек, оның құқық-тарын қызғыштай қорғамасақ, өзіне жараса мәртебесін ардақтамасақ, онда қалайша олардан өз мін-деттерін талап етеміз?! Әйел-дің табысына ортақтасудың өзі – дені сау ер-азаматтарға үлкен сын емес пе? Өйткені, хадисте: «…жұбайларыңның сендердің алдарыңда белгілі міндеттері болғаны секілді, сендердің де олар-дың алдында атқарар міндет-теріңнің бар екенін ұмытпаңдар. Олардың міндеті – жарына адал болуы және сендер қаламаған адамды босағадан аттатпауы. Ал сендердің міндеттерің – оларды киім-кешек және ас-ауқатпен қамтамасыз ету», – деп айтылған.
«Сендердің әйелдерің сендер үшін киім сияқты, ал сендер оларға киім сияқтысыңдар…» («Бақара» сүресі, 187-аят) деген Алланың сөзі адам үшін қандай ғанибет десеңші?! Киім адам үшін қандай маңызды рөл атқаруы мүмкін? Біріншіден, кісінің әуретін жабады, екіншіден, жайлылық сыйлайды, үшіншіден, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, төртіншіден, суықтан, ыстықтан қорғайды, бесінші, бөтен көздің сұқтануынан сақтайды… Киім туралы айта берсе әңгіме көп. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің ары мен ұяты, қамқоршысы, жанашыры, қорғаны, тәрбиешісі, т.б.
Халқымыз: «Отан – отбасыдан басталады» деген. Кез келген қоғамның маңызды институттары-ның бірі – отбасы. Ал отбасы мен қоғамның тұрағы ол – әйел. Бала-ның иманды, ер-жігіттің ұстамды болуына әйелдің әсері өте көп. Ертең елді басқаратын, халықты жақсылыққа бастап, имандылыққа ұйытатын тұлғалардың өмірге келуіне әйелдер үлкен себепкер болады.
Ал Абдуллаһ ибн Амр әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте былай делінген: «Алла Елшісі: «Бұл дүние (мен оның ішіндегі нығметтердің бәрі де) уақытша берілген. Ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел».
Әйел салиқалы болса, отбасы түзеледі. Отбасы түзелсе, ел түзе-леді. Ел түзелсе, имандылық, ізгі-лік, қайырымдылық, жанашырлық, адамгершілік секілді құндылықтар салтанат құрады. Имандылық сал-танат құрған қоғамның берекесі мен бірлігі, жақсылығы артады. Жақсылығы артқан ел бақытты өмір сүреді.
Алла Тағала баршамызға бақытты өмір сүруді нәсіп еткей! Әмин!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=696693
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Оралда қос бірдей жасөс 5 min
Британдық дәрігерлер си 8 min
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 11 min
Ыстықкөлде жоғалып кетк 14 min
Димашпен салыстыру, өм 19 min
Хилұңжяң: емдеу арқылы 19 min
Оқу-ағарту істеріне таб 19 min
Тоқаев Мемлекеттік қызм 19 min
Астанада аптап ыстықтан 20 min
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 23 min
Қазақстан ыстық десеңі 24 min
Ирак ДАИШ балаларын алы 28 min
Оралда туристер мінген 29 min
Ыстықкөлде скутермен жү 1 sagt
Партя орталық көмитетін 1 sagt
Чанжоудағы студент өлім 1 sagt
Ең сүйікті өрт өшіруші 1 sagt
Алматыда көлік өртенді 1 sagt
Үйленуге дәнекер болу – 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
«халық гәзеті»: кәдрләр 1 sagt
Атакентті жаңғырту жоба 1 sagt
«Құдайы қонақ» дегенімі 1 sagt
Арыс қаласында 1 172 үй 1 sagt
Жаңа iPhone-да қандай 1 sagt
Ас ішіп, аяқ босатар, е 1 sagt
Азық-түлік хәуіпсіздігі 1 sagt
Қазақстан Президенті Ме 1 sagt
Оралда суға батуға әрек 1 sagt