Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-1126666650 %50 %

Облыс имамдары жылды қорытындылады – Ислам және Өркениет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 23:00 - 2016/12/01



img_6831ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыс имамдарының жылдық есеп беру жиналысы өтті.
2016 жылғы атқарған жұмыстарды қорытындылауға барлық қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары қатысты.
Биылғы 2016 жыл «Дін және тарих тағылымы» жылы аталғаны белгілі. Мешіттер осы жыл аясында атқарған шараларымен қатар, ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша ұйымдастырылған жұмыстарға тоқталды. Облысқа қарасты барлық мешіттерде қайырымдылық шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Мешіт жанындағы сауат ашу курстары жыл сайын шәкірттер санын көбейтіп, медреселерге жіберуде. Ал, уағыз-насихат шараларының саны былтырғымен салыстырғанда өсіп отыр.
Осы және өзге де шараларға тоқталған мешіт имамдары алдағы жоспарларымен де бөлісті.
Жалпы, биылғы жылдың өзінде қала және аудан имамдарының қатысуымен 38 жиналыс өткізілген. Қала және аудан имамдарының жылдық есебін тыңдаған орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы аталған жұмыстардың жауапкершілігіне тоқталып, алдағы қызмет барысына сәттілік тілеп, тапсырмаларды пысықтады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=696235
Пікірлер

Көрші сілтемелер