Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2126490944 %56 %

Қасиетті Мәдина қаласы – Исламның күмбезі – Ислам және Өркениет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 12:50 - 2016/11/01



Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

d0-bc-d0-b5-d0-b4-d0-b8-d0-bd-d0-b0115-1Ислам дінінде Мәдина қаласының орны айрықша. Мәдина – қасиетті қос қаланың бірі. Пайғамбарлар атасы Ибраһим (ғ.с.) Мекке шаһарын берекелі етуді Алладан сұраған. Ал Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қала-сын киелі еткен.
Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ибраһим Меккеге дұға еткендей, мен де Мәдина үшін дұға жасадым», – деген.
Мәдина қаласының көптеген атаулары бар: тұрақ, шындық-тың кірер жері, Исламның күмбезі, анттар мекені, Алланың жері, Елшінің үйі, берік бақша, сүйікті, жақсылар мекені, құрма (иесі) қаласы, қалалардың ханшайымы, емдеуші, жақ-сылық, т.б…
Жаратушы Иеміз қасиетті қаланы берекелі, бейбіт етті. Онда барған мұсылманның жүрегі тыныштық табады. Иманы күшейіп, рухани толысады. Жамандық атау-лыдан аулақ болады. Өйткені, пайғамбар бір сөзінде: «Көрік темірді балқытып, жаман-нан тазартқандай, Мәдина қаласы тұрғындарын жаман-дықтарынан тазартады», – деп баяндаған.
Мәдина – амандық пен тыныштықтың, ізгілік пен имандылықтың қаласы.
Мәдина қаласының тағы бір қасиеті сол, онда пайғам-бар мешіті орналасқан. Алланың үйінде бір мезетте бір миллионнан астам адам құлшылық ете алады. Ислам дінінде тек арнайы үш мешітке зиярат етіледі. Хадисте айтылғандай, олар – әл-Харам мешіті, Мәдинадағы Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті және әл-Ақса мешіті.
Мұсылман баласы осы аталған мешіттерді зиярат етіп, онда намаз оқып, дұға жасаса, оның сауабы еселеніп жазылады. Хадис-шәрифте баяндалғандай, Мәдина қа-ласындағы Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешітінде оқылған намаздың сауабы басқа мешіттерде оқылған намаздың сауабына қарағанда мың есе артық.
Жуырда Елбасымыз Сауд Арабия Корольдігіне жасаған ресми сапарында Мәдина қаласындағы Мұхаммед пай-ғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етіп, мешітте намаз оқыды. Пайғамбар қа-бірін зиярат ету – сол мешіттің әдептерінің бірі.
Алла Тағала Елбасының халқымыздың бірлігі мен бе-рекесін, елдің амандығы мен тыныштығын тілеп жасаған дұғасы қабыл болғай. Алланың әмірлері мен аяттары түскен киелі мекенде шынайы ниетпен жасалған әрбір дұға-тілек Жаратушы Иеміздің құзырында қабыл болмақ.
Пайғамбар мешітінде қа-сиетті бақша бар. Оны рауда шарифа деп атайды. Ол мешіт мінбері мен пайғамбар үйінің арасында орналасқан. Айта кетерлігі, қасиетті бақ-шаны тікелей мағынасында түсінбеуіміз керек. Қасиетті бақша – мешіттің бір бөлігі ғана. Онда намаз оқыған адам мол сауапқа кенеледі.
Бұл қасиетті бақша туралы Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Менің үйім мен мінберімнің арасы жәннат бақшаларының бір бақшасы», – деп айтқан.
Қажылыққа барған кісілер, Мәдинаға жолы түскен мұ-сылмандар пайғамбар мешіті мен оның қабірін зиярат етіп, Алла Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сәлем береді. Қасиетті қалаға табаны тиген пенденің иманы күшейе түседі. Өйткені, ол – пайғамбардың дұғасы қабыл болған қала.
Дініміздегі асыл амалдардың бірі – қонақжайлылық. Бұл – халқымыздың да болмысында әлі күнге дейін сақталып, ұр-пақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті игі іс. Исламнан қуат алған жұртымыз өзге ұлттарға қонақжайлылықтың үздік үлгісін паш етуде.
Мәдина тұрғындары да пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) қонақжайлы-лықтың көркем үлгісін көрсетіп, адамзатқа өшпес өнеге қал-дырды. Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі бол-сын) сахабаларымен Мәдинаға қоныс аударып келгенде қала тұрғындары қолындағы барымен бөлісіп, қамқор бола білді.
Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина шаһарын, тұрғындарын, тіпті оның тауы мен тасына дейін жақсы көретін. Қала маңындағы Ухуд тауы туралы: «Бұл бізді жақсы көретін, біз де оны жақсы көретін тау», – деп айтқан хадисі бар.
Түйіндеп айтқанда, жақсылар мекені болған Мәдина – Исламның күмбезі…

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=679076
Пікірлер

Көрші сілтемелер