Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20360161838 %62 %

Отбасының ұйытқысы – әйел – Ислам және Өркениет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 12:00 - 2016/11/01



besikАнасын ардақтамайтын, сыйламайтын, жақсы көрмейтін адам баласы бұл жалғанда жоқ шығар. Болуы да мүмкін емес. Сондықтан да, «Анаға қарап – қыз өсер, әкеге қарап – ұл өсер» деген қасиетті сөз бар. Мұны көп адам тура мағынасында түсінетіні де рас. Ананың бақыты бала сүю десек, өле-өлгенше де бар арманы – сол баласының бақытты болуы. Ендеше, әр әйел заты өзінің баласы қыз ба, ұл ма, әйтеуір, оның адам қатарлы өмір сүруін қалайтыны ақиқат. Күйеуімен бірге оны бағып-қағады, қолдан келгенше тәрбиелейді, қызын – қияға, ұлын – ұяға қондырады. Сөйтіп, қайран ана тоғыз ай, тоғыз күн қан-сөлін беріп көтеріп, жарық дүниеге әкеліп, енді аяғынан қаз тұрған перзентінен қайырым күтеді. Ұл болса келін түсіріп, қолын ұзартып, қыз болса күйеу баласын арқа тұтып, мақтан етіп, олардың одан сайын өрлеуін ойлап, барша мұратына жетуін аңсайды.

Бірақ, мына өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Неге? Мүлде қарама-қайшы жағдайлар орын алады. Күйеу баласы, я келіні енесін жаратпайды немесе керісінше, енелері осындай күй кешеді. Әйтеуір, жатқан бір түсінбестік, оның ақыры өшпенділікке, көреалмаушылыққа, қатыгездікке әкеп соғады. Қазақта отбасы болған соң аяқ-табақ сылдырламай тұрмайды дейді. Оған әйел де, еркек те себеп болады. Дегенмен, қазіргі мәліметке сүйенсек, отбасындағы ұрыс-керістің 70 пайызы әйелдердің күйеулерімен таласқан «тепе-теңдік» қарым-қатынас нәтижесі екен. Сонда отбасындағы ренжісудің 70-80 пайызы әйелдердің күйеуіне деген орынсыз қарсылықтарынан туындайтын көрінеді. Күйеуін сыйламаған әйел енесін де сыйламайды. Бірақ әлгі әйел Ананың қызы болса, күйеу де сондай Ананың ұлы ғой!
Әйел адам күйеуінің азаматтық ар-намысына дақ түсіретін қорлау қылығы арқылы өзінің қызы мен ұлына қандай тәрбие бере алады? Қызым да мен секілді болсын дей ме? Әлде ертеңгі күні үйленген ұлым да әйелінен тап осындай масқаралық қорлау көрсін дей ме? «Өгізге туған күн, бұзауға да туады» дейді. Барын да, жанын да салып өсірген ұлына асқақтатып той жасап түсірген келіні бір кездері мұның «ә десе, мә дейтін» мінезін қайталамасына кім кепіл? Егер балаларының көзінше иба сақтап, ата дәстүрінен аттамай, оғаш қылық көрсетпей, ешуақытта күйеуінің бетіне қарсы келмей, ер-азаматының басын жоғары бағалай білген әйел болса, оның өнегесін қыз да, келін де бойға оңай сіңіре алады. Еркектің қабырғасынан жаратылған әйел, сол еркектің жанына айналуы керек. Тек сонда ғана отбасының іргесі берік, шаңырағы шайқалмай, түтіні түзу шығары сөзсіз. Тіпті, әйелдің қазіргі қоғамдағы рөлі артсын, қызмет атқарып ақша тапсын, бірақ бәрібір ол Ана екенін ұмытпауы керек қой. Балаларының көзінше аузына «ақ ит кіріп, көк ит шығып» ер-азаматының бетінен алатын әйелдің ісі ізсіз кетпейді, қайталанады дейді. Тек соның көшірмесі кейін өзінің мәпелеген ұлының шаңырағында қайталанатыны өкінішті-ақ. Сонда әлгі әйел заты осы өкініштің ұрығын кезінде өзі сеуіп бергенін пайымдағысы да келмейді. Байқасаңыз, отағасын сыйлай білмеген, ер азаматты қадірлей алмаған олар кейін өздері «Ана қу келін баламды құртып бітірді» дейді екен. «Дүние – дөңгелек» деген, не ексең, соны орасың. Ақсақалды қарттар түгіл, жас баланың алдын кесіп өтпей жол беретін әжейлерді көргенде еріксіз таң қаласың! Неліктен дейсіз? Өйткені, ол жас бала болса да еркек кіндік, сондықтан, ер-азаматтың жолы болуға тиіс дейді. Мұндай ананың тәрбиесін көріп, өнегесін алып өскен ербала, ақыл-есі дұрыс кезінде, әйел затына қарсы келе алар ма еді? Жоқ. Демек, мұндай ана­лық құрметке ие болған әйел затына хадисте «Бірінші жақсылықты анаңа, екінші жақсылықты да анаңа, үшінші жақсылықты да анаңа жаса» деп айтыл­ғандай, өзін еркекпін дейтін ер-азамат әйел затына өле-өлгенше басын иіп өтетіні сөзсіз.
Егер тұрмысқа шыққан қыз бала ата-баба дәстүрі бойынша сол үйдің келініне тән іс-әрекетті салт-дәстүрге сай атқарып жүрсе, біреулер қуанудың орнына «қызым бір оңбағанға тұрмысқа шығып, отымен кіріп, суымен шығып қор болды» дейтін көрінеді. Бірақ қызы енесінің «екі аяғын жылы суға салып қойғанын» қызғанатынын іште жасырып қалады. Сонда оның ойынша, қызы босағасын аттаған үйдегі енесі мен атасын жұмсап қойып, тал түске дейін ұйықтап, «ә десе, мә деп» шама келсе өзге артық ауыздардың бәрін қуып шығып, өзі қожа, өзі би болып қалуы тиіс екен. Ерінің жағасына жармасқан, енесінің бетінен қапқан әйел ана болып кімді сыйлата алмақ?
Демек, бәрі де отбасынан шығады. Тәрбие де, салт-сана, дәстүр жалғастығы да, тіпті ұрыс-керістің өзі де шаңырақтан бастау алады. Сондық­тан, отбасындағы ер-азаматын қадір тұта алмаған әйел, келінінен баламды сыйламайсың деп сауға сұрауға қақы жоқ. Ата-енесінің қолына жылы су құюға жарамаған келін ертеңгі күні өзі де қартай­ған шағында келініне «мені күтпейсің» деуге де қақы жоқ, болса да енді оны тыңдай қояр құлақ болмайды. Сонда бұған кім кінәлі? Ендеше, бәрі де отбасынан басталады, ал отбасының тұтқасы – әйел заты екенін еш ұмытпау керек, ағайын!
Александр ТАСБОЛАТОВ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=679052
Пікірлер

Көрші сілтемелер