Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


BILIM ORDASY мобильдік қосымшасында біліміңді сынап көр!



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 21:00 - 2021/04/07

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/bilim-ordasy-mobildik-qosyimshasyinda-bilimindi-syinap-kor-13060


Құрметті мұсылман бауырлар, білім қуған жастар!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің рұқсатымен елімізде жаңа үлгіде Ислам діні бойынша Ақида, Фиқһ, Ахлақ, Құран мен Хадис, Сира, Сахабалар өмірі, Ислам тарихы және Алланың көркем есімдері, т.б. сұрақтар қамтылған BILIM ORDASY атты мобильдік қосымшасы 2020 жылы іске қосылған-ды.


Қазіргі таңда бұл қосымшаны қолданушылар саны 34 570-ге жетіп отыр. 4000-ға жуық сұрақтан тұратын қосымша іске қосылған күннен бері 303714 рет тест тапсырылған. Орта есеппен күнделікті 300-ге тарта тесте сұрақтарына жауап беріледі. Соңғы күндері қосымшаны күніне 30-ға тарта адам жүктеп алған.

Естеріңізге сала кетсек, бұл мобильдік қосымша Алматы Орталық мешіті Жастар ісі секторының бастамасымен жарыққа шықты.

BILIM ORDASY мобильдік қосымшасын Плей маркет немесе Апп стордан жүктей аласыздар.

Сілтемесі: http://onelink.to/islamtest

Алла Тағала білімдеріңізді арттырсын!

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1385065
Пікірлер

Көрші сілтемелер