Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы: «Діни танымдық викториналық сұрақтар» кітабы жарық көрді (ФОТО)



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 19:50 - 2021/04/05

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyi-dini-tanyimdyiq-viktorinalyiq-suraqtar-kitabyi-zharyiq-kordi-13051


Бүгін Алматы қалалық Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен «Ихсан» жылы аясында «Діни танымдық викториналық сұрақтар» атты жаңа кітап жарық көрді.  

 

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың төрағалығымен өткен қасиетті Рамазанға дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған онлайн жиында елеулі еңбектің маңыздылығы мен жаңалығы айтылып, тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітаптың шығуына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Имам Матуриди» ғылыми-зерттеу орталығының меңгерушісі Бауыржан Әлиұлы жетекшілік етті.

Қалың оқырманға жол тартқан кітапта Құранға, Құрандағы дұғаларға, тәжуид ережеріне, пайғамбарлар қиссасы, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) ғұмыры және сахабалар тарихына қатысты 3000 діни танымдық сұрақ-жауап қамтылған.

«Muftyat» баспасынан шыққан еңбекті Нұр-Мүбарак университетінің «Дінтану» мамандығының магистрі Шохан Құдайбергенұлы құрастырған.

Алматы қаласы «Жастар ісі» секторының ұйымдастырумен жарық көрген кітапқа демеушілік еткен барлық жомарт жандарға алғыс білдіреміз.

 

Кітапты сатып алу үшін төменде көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз:

8 702 985 4590 – Шохан Құдайбергенұлы.

 

Алматы қалалық Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1383528
Пікірлер

Көрші сілтемелер