Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өскеменде республикалық онлайн конференция өтті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 03:50 - 2021/04/05

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/oskemende-respublikalyiq-onlayn-konferentsiya-otti-13049


ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Руханият – ана сүтінен» республикалық онлайн конференциясы өтті.

Облыстық «Халифа Атай» мешітінде өткен шараға Әйел-қыздар секторының барлық облыстар мен ірі қалалардың жетекшілері, әйел ұстаздар мен шәкірттер, ардақты аналар қатысты.

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы конференцияны ашып, бұл шараның Әйел-қыздар секторының жұмысын серпінді дамытуда маңызға ие екендігін жеткізіп, өкілдіктің осы бағытта атқарылып жатқан шараларын атап өтті.

Жиында баяндама жасаған ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Өскемен аймағындағы жетекшісі Талшын Зарқымқызы қоғамдағы әйелдердің рөліне тоқталды. «Исламда әйел құқығы барынша қорғалған. Асыл дінімізде аналарды ұлықтап, олардың мәртебесін жоғары қойған. Дінімізде ананы сыйлау, әйелдерге, қыздарға құрметпен қарау туралы тағылымдар өте көп. Ислам тарихында Айша анамыз (р.а), ал қазақ тарихында Домалақ, Зере, Айғаным аналардың ғибратты тағылымы күллі мұсылман баласына үлгі» дей келе, Талшын Зарқымқызы аналар ұлағатынан мол тағылым айтты.

Жиында Әйел-қыздар секторының Шымкент қаласындағы жетекшісі Балжан Досжанова сөз алып, Исламдағы әйел мәртебесі туралы ғибратты ойын ортаға салды. Ол ұлт тарихындағы аналар ұлағаты туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар жиында Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Күшкарова, Алматы қаласындағы жетекшісі Айнұр Жарқынбекқызы сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтар мен ана тәрбиесінің тағылымдық мән маңызын тереңнен тарқатты. Әсіресе қазіргі заманғы қыздар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды ұлықтау туралы пікірлерін ортаға салды.

Жиында көптеген маңызды ойлар айтылды. Шара барысында өкілдік жанынан ашылған «Зере ана» қорының іс-қызметі де насихатталды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1383031
Пікірлер

Көрші сілтемелер