Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ҚазҰУ: «Исламтану» мамандығы бойынша білім алам десеңіз



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 17:00 - 2021/04/01

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/qazuu-Islamtanu-mamandyigyi-boyyinsha-bilim-alam-deseniz-13041


Еліміздегі көшбасшы университеттердің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы исламтанушыларға заман талабына сай білім беруде. Аталмыш университет «Исламтану» мамандығына 2014 жылы лицензия алуға қол жеткізіп, 2018 жылдан бастап бакалавр мен докторантураға талапкерлерді қабылдап,  білікті мамандарды даярлауға кірісті.

 

Исламтану – ислам дінінің тарихын, қағидаларын, мұсылман халықтарының мәдениетін, құқығын, эконмикасын зерттейтін дінтанулық пән.

Исламтану мамандығының басты міндеті – ислам діні, оның рухани құндылықтары, ізбасарларының бағдарлары туралы халыққа обьективті ақпарат ұсынуды үйрету. Яғни, исламтану жеке ғылым саласы ретінде ислам дінін сынаумен немесе оның апологетикасымен айналыспайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бұл мамандық бойынша білім берудің мынадай ерекше тұстарын атап өтуге болады:

 

* дінді зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп, өз бетінше ғылыми зерттеулерді жүргізе алатын, исламтану саласында нақты ғылыми ой-пікірі қалыптасқан жоғары білікті мамандарды даярлайды.

* университеттің дінтану, исламтану бағыттарына арнап дайындалған өзіндік тәжірибеден өткен білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары бар.

* білім алушылардың жаңа білімдерге қол жеткізу, исламды жаңғыртып-жаңарту, кәсіби әрі жеке тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге қабілетті болу мүмкіндігі;

* үш тілде қатар білім алу мүмкіндігі;

* 300 мыңнан астам кітап қоры бар әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің ғылыми кітапханасына және Шпрингер халықаралық кітапханасын пайдалану мүмкіндігі;

* магистранттар мен докторанттардың шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамадан өту сияқты көптеген мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, олар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен серіктес Түркияның Мармара және Кастамону, Англияның Мончестер, Швецияның Уппсала университеті сынды басқа да шетелдік жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдап, тәжірибе алмаса алады.  

 

Ал «Исламтану» мамандығы бойынша жоғары білім алғандар Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада, Алматы қаласының дін істері бойынша Департаментінде, ҚР БҒМ ҒК-да, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің саясаттану және дінтану институтында, Қазақстанның орта және жоғары білім беру мекемелерінде, әкімшілікте, діни ұйымдарда (ҚМДБ, мешіт, медресе-колледж), ІІМ, ҰҚК және прократура органдарында дін істері бойынша маман болып қызмет атқара алады. Сондай-ақ исламтанушы білікті маманның экспериментальды-зерттеуші, педагогикалық, сараптық-кеңес беру, ұйымдастыру-басқару, жобалық-аналитикалық сияқты кәсіби қызмет түрлерін де көрсете алады. «Исламтану» мамандығы туралы басқа да ақпараттарды https://www.kaznu.kz/kz/19383/page/ сілтемесі бойынша таба аласыз.

 

Құрманалиева А.Д.

ф.ғ.д. профессор

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

философия және саясаттану факультеті,

дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі

 

Хасенова Ж.Т.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

философия және саясаттану факультеті,

дінтану және мәдениеттану кафедрасы

«Исламтану» мамандығының

1 курс магистранты

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1381529
Пікірлер

Көрші сілтемелер