Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құран жайлы 40 хадис: 15-ХАДИС



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 16:50 - 2021/03/31

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/maqalat/read/quran-zhaylyi-40-hadis-15-hadis-11573


Он бесінші хадис

 

عَبْدَ اللهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ:"لَا حَسَدَ إِلَّا عَلَى اثْنَتَيْنِ، رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ الْكِتَابَ فَقَامَ بِهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وآناء النهار، وَرَجُلٌ أَعْطَاهُ اللَّهُ مَالًا فَهُوَ يَتَصَدَّقُ بِهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ" (رواه البخاري، ومسلم).

 

Абдулла ибн Омардан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Екі адамға ғана қызығуға болады: «Алла Тағала Құранды нәсіп етіп, оны күні-түні оқып, амал еткен адам. Алла Тағала байлық нәсіп етіп, оны күні-түні садақаға жұмсаған адам», – деген» (әл-Бұхари, Муслим)[1].

 


[1] «Сахих әл-Бұхари», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Қари адамға қызығу» тарауы, (5025); «Таухид» бөлімі, «Қырық бесінші» тарау, (7529).  «Сахих Муслим», «Жолаушылардың намазы және намазды қысқартып оқу» бөлімі, «Құранды біліп, оған амал еткен адамның артықшылығы» тарауы, (815).

Хадистің мағынасы: имам әл-Бұхари бұл хадистің тақырыбын «Қари адамға қызығу» деп атаған. Осылайша ол хадисте келген «хасад» деген сөз рұқсат етілген қызығу мағынасында келгенін аңғартқан. Яғни бір адамның екінші бір адамға бұйырған нығметке қызығуы, бірақ күңшілдік қылмауы мағынасында. Қандай да бір нығметке осылайша ұмтылыс білдіруді жарысу дейді. Жарыс құлшылыққа бағытталса, мақтауға лайық амал саналады. Соған байланысты Алла Тағала: «Жарысушылар, осыған жарыссын» деп айтқан (Мутаффифин, 26-аят). Күнәға жетелейтін жарыс өте айыпты іс болып табылады. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мұндай амалдан тыйып, бір хадисінде: «...бір-бірлеріңмен жарысып бәсекелеспеңдер, бір-бірлеріңе күңшілдік қылмаңдар...» – деп айтқан (Муслим). Жалпы «хасад» деп қандай да бір адамның басынан бағы тайса, ырысы кетсе екен деп тілеуді, пиғыл білдіруді айтады. Кейбір ғұламалардың айтуынша, «хасад» – бір адамның басындағы бақ маған ғана бұйырса екен, сол нығметтің иесі мен ғана болсам деп тілеу. Мұндай адам сөзсіз күнәһар саналады.   

 

Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)

Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1380766
Пікірлер

Көрші сілтемелер