Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құран жайлы 40 хадис: 14-ХАДИС



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 04:50 - 2021/03/31

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/maqalat/read/quran-zhaylyi-40-hadis-14-hadis-11571


Он төртінші хадис

 

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَمْرٍو عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: "يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ: اقْرَأْ وَارْتَقِ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِي الدُّنْيَا فَإِنَّ مَنْزِلَتَكَ عِنْدَ آخِرِ آيَةٍ تَقْرَأُ بِهَا" (رواه الترمذي، وأبو داود، وابن ماجه، وابن حبان).

Абдулла ибн Амр ибн Астан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «(Қиямет күні) Құран иесіне: «Оқы және жоғары өрле. Дүниеде Құранды тәртилмен оқығаның сияқты оқы. Оқыған соңғы аятың – сенің дәрежең», – деп айтылады», – деген» (әт-Тирмизи, Әбу Дәуд, Ибн Мәжаһ, Ибн Хиббан)[1].

 


[1] «Сунан әт-Тирмизи», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, (2914). «Сунан Әбу Дәуд», «Үтір» бөлімі, «Құранды тәртилмен оқудың абзалдығы» туралы тарау, (1464). «Сунан Ибн Мәжаһ», «Әдеп» бөлімі, «Құран оқудың сауабы» тарауы, (3780). «Сахих Ибн Хиббан», «Рақаиқ» бөлімі, «Құран оқу» тарауы, (766). «Муснад имам Ахмад», «Көп хадис риуаят еткен сахабалар муснады», «Абдулла ибн Амр ибн әл-Астың муснады», (6799), «Әбу Һурайраның муснады», (10087), «Әбу Сағид әл-Худридің муснады», (11360). «Муснад Әбу Яғла», «Әбу Сағид әл-Худридің муснады», (1094), (1338). «Мусаннаф Ибн Әби Шәйбә», «Құранның артықшылықтары», «Қариға – «оқы да жоғары өрле» деген хадис» тарауы, (30055), (30056), (30057), (30058), (30059). Әл-Хаким, «Әл-Мустадрак», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Құранның артықшылығы туралы хадистер» тарауы, (2030). Әл-Байһақи, «Әс-Сунан әл-кубра», «Намаз» бөлімі, «Намаз оқушы адамның Құран оқу бейнесі» тарауы, (2425). Ибн әд-Дурайс, «Фадаил әл-Қуран», «Қариға –  «Құран оқы да жоғары өрле» деген хадис» туралы тарау, (110), (111), (112), (113), (114). Әл-Фиряби, «Фадаил әл-Қуран», (60), (61). Әл-Бағауи, «Шарх әс-сунна», (1178).  

Хадистің мағынасы: мәтіндегі «Құранды иесі» дегені Құранды үнемі оқып, ондағы бұйрықтарға үнемі амал еткен адам мағынасында қолданылған. Әл-Хаттаби: «Хадисте Құран аяттарының саны жаннат сатыларының санымен тең екені баяндалған. Дүниеде Құранды тастамай оқып, оған амал етіп жүрген адамға: «Құраннан қанша аят оқысаң жаннат дәрежелерімен сонша көтеріл», – деп айтылады. Ал кім Құранның барлығын жаттап алса, ол жаннаттың ең биік төрінен орын алады. Кім Құранның бір бөлігін жаттаса, жаннатта соған лайық орынға ие болады. Осылайша сауаптың мөлшері Құранды қаншалықты жаттап, оған амал еткенге қарай беріледі», – деген.      

 

Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)

Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1380401
Пікірлер

Көрші сілтемелер