Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


#5 Отбасы мүшелері арасындағы әдеп



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 22:00 - 2021/02/19

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/maqalat/read/5-otbasyi-mysheleri-arasyindagyi-adep-11536


Егер отбасы мүшелерінің бірі өз бөлмесінде отырса, ол жерге кірерде рұқсат сұрап кіріңіз. Сонда жақыныңызды ыңғайсыз жағдайда қалдырмайсыз. Туыс-жаран болсын, алыс адам болсын немесе ата-анаң, ұл-қыздарың, ұлдарың болсын, оларға рұқсат сұрап кіріңіз.

 

روى الإمام مالك في "الموطأ" عَنْ عَطَاءِ بْنِ يَسَارٍ مُرْسَلاً: "أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سَأَلَهُ رَجُلٌ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَسْتَأْذِنُ عَلَى أُمِّي؟ فَقَالَ: نَعَمْ. قَالَ الرَّجُلُ: إِنِّي مَعَهَا فِي الْبَيْتِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اسْتَأْذِنْ عَلَيْهَا. فَقَالَ الرَّجُلُ: إِنِّي خَادِمُهَا. فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اسْتَأْذِنْ عَلَيْهَا، أَتُحِبُّ أَنْ تَرَاهَا عُرْيَانَةً؟! قَالَ: لَا. قَالَ: فَاسْتَأْذِنْ عَلَيْهَا".

 

«Бір кісі Алла елшісінен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Анамның алдына кірерде де рұқсат сұраймын ба?» – деп сұрады. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Иә», – деді. Әлгі кісі: «Мен анаммен бір үйде тұрамын», – деді. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Бәрібір, рұқсат сұрап кір», – деді. Әлгі кісі: «Мен анамның қызметіндемін ғой», – дегенде, Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қалай болса да, рұқсат сұрап кір. Сен анаңды киімсіз көруді қалайсың ба?!» – деді. Ол: «Жоқ», – деді. Алла елшісі: «Олай болса, оның алдына рұқсат сұрап кір», – деді» (имам Мәлик)[1].

Алқамадан: «Бір кісі Абдулла ибн Масғудқа (р.а.) келіп: «Анамның алдына кіру үшін рұқсат сұраймын ба?» – деді. Абдулла: «Анаңмен жүздескің келген әр уақытта рұқсат сұрайсың», – деді» (әл-Бұхари)[2].

Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) әйелі Зейнеп (р.а.): «Абдулла бір істі бітіріп келіп, есікке жақындағанда, бізді ыңғайсыз жағдайда қалдырмас үшін жөткірінетін», – деген» (имам Ахмад, Әбу Дәуд, Ибн Мәжаһ)[3].

Ибн Масғудтың (р.а.) әйелі Зейнептен (р.а.): «Абдулла үйге кірерде жөткірініп, дауыс шығаратын» (Ибн Мәжаһ)[4].

Муслим ибн Нузайрден: «Бір кісі Хузайфа ибн әл-Яманнан (р.а.): «Анамның алдына кіру үшін рұқсат сұраймын ба?» – деп сұрады. Хузайфа: «Әрине, анаңның алдына рұқсат сұрамай кіретін болсаң, ыңғайсыз жағдайға тап болуың мүмкін», – деді» (әл-Бұхари)[5].

Атақты сахаба Талха ибн Убайдулланың ұлы Мұса ибн Талха (р.а.) былай деді: «Әкеммен бірге анамның алдына кірмек болдық. Бірінші әкем кірді, артынша мен кіре бергенімде, әкем жалт қарап, мені кеудемнен итеріп қалды. Итергені соншалық, жерге отыра қалдым. Сонда әкем: «Рұқсат сұрамай кірмекпісің?» – деді» (әл-Бұхари)[6].

Абдулла ибн Омардың (р.а.) қызметшісі Нафиғ: «Ибн Омар балаларының бірі балиғатқа толса, оны бөлек жатқызатын. Сөйтіп, ол Ибн Омарға рұқсатсыз кірмейтін», – деген» (әл-Бұхари)[7].

Ато ибн Рабахтан: «Мен Ибн Аббастан (р.а.): «Екі қарындасымның алдына рұқсат сұрап кірейін бе?» – деп сұрадым. Ибн Аббас: «Иә», – деді. Мен сұрағымды қайталап: «Олар менің үйімде, менің қамқорлығымда ғой», – дегенімде, Ибн Аббас: «Қарындастарыңды киімсіз көруді қалайсың ба?» – деді де, мына аятты оқыды:

 

(وَإِذَا بَلَغَ الْأَطْفَالُ مِنْكُمُ الْحُلُمَ فَلْيَسْتَأْذِنُوا كَمَا اسْتَأْذَنَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ)  [النور: 59].

 

«Ержеткен балаларың бұрынғылар рұқсат сұрағандай рұқсат сұрап кірсін!» (Нұр, 59-аят). Сонан соң Ибн Аббас: «Рұқсат сұрап кіру – адамдардың бәріне уәжіп», – деді» (әл-Бұхари)[8].

Ибн Масғуд (р.а.): «Адам әкесінің, анасының, аға-інілерінің, әпке-қарындастарының алдына рұқсат сұрап кіруі керек», – деген» (әл-Бұхари)[9].

Жабир (р.а.): «Адам анасына, ол қарт болса да, туған бауырына, әпке-қарындасына, әкесіне рұқсат сұрап кіруі тиіс», – деген»  (әл-Бұхари)[10].

Бұл хадистердің көбісін имам әл-Бұхари «әл-Әдаб әл-муфрад» жинағында риуаят еткен. Ал кейбір хадистерді Хафиз Ибн Касир «Нұр» сүресінің 59-аятының тәпсірінде баяндаған.

 


[1] «Әл-Муатта», «Рұқсат сұрау» тарауы, 575-бет (57). Ато ибн Ясардан жеткен мурсал хадис.

[2] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Анадан рұқсат сұрау» тарауы, (1059).

[3] «Муснад имам Ахмад», ІІІ том, 513-бет (3615). «Сунан Әбу Дәуд», IV том, 11-12 беттер. «Сунан Ибн Мәжаһ», ІІ том, 188-бет.

[4] «Сунан Ибн Мәжаһ», «Шипагерлік» бөлімі, «Бойтұмар тағу» тарауы (3530).

[5] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Анадан рұқсат сұрау» тарауы (1060).

[6] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Әкеден рұқсат сұрау» тарауы (1061). Ибн Хажар әл-Асқалани, «Фатх әл-Бари», XI том, 17-бет (6241), (6242).

[7] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Балаларың балиғатқа толса» деген аятқа қатысты тарау (1058). 

[8] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Әпке-қарындастан рұқсат сұрау» тарауы (1063).

[9] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Аға-ініден рұқсат сұрау» тарауы (1064).

[10] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Әке мен баладан рұқсат сұрау» тарауы (1062).

 

Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1357562
Пікірлер

Көрші сілтемелер