Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құран жайлы 40 хадис: 8-ХАДИС



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 19:50 - 2021/02/18

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/maqalat/read/quran-zhaylyi-40-hadis-8-hadis-11535


Сегізінші хадис

 

عَنْ أَبِيْ ذَرٍّ رَضِيَ اللهُ تَعَالَى عَنْهُ قَالَ : قُلْتُ: يَا رَسُوْلَ اللهِ أَوْصِنِيْ: قَالَ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : "عَلَيْكَ بِتَقْوَى اللهِ. فَإِنَّهَا رَأْسُ الْأَمْر كُلِّهِ. قُلْتُ : يَا رَسُوْلَ اللهِ زِدْنِيْ . قَالَ : عَلَيْكَ بِتِلَاوَة الْقُرْآنِ ، فَإِنَّهُ نُوْرٌلَكَ  فِي  الْأَرْضِ، وَذُخْرٌ لَّكَ  فِي  السَّمَاءِ" (رواه ابن حبان و ابن الضريس).

 

Әбу Зардан (р.а.): «Мен: «Уа, Алланың елшісі, маған өсиет айтыңызшы», – дедім. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алладан қорқып, тақуа бол. Өйткені тақуалық –барлық істің басы», – деді. Мен: «Уа, Алланың елшісі тағы да өсиет айтыңыз», – дедім. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Құран оқы, өйткені Құран саған жерде – нұр, ал көкте қазынаң болады», – деді» (Ибн Хиббан, Ибн әд-Дурайс)[1].

 

عَنْ أَبِيْ سَعِيْدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ : جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ : يَا رَسُوْلَ اللهِ أَوْصِنِيْ قَالَ:"عَلَيْكَ بِتَقْوَى اللهِ،فَإِنَّهَا جِمَاعُ كُلِّ خَيْرٍ، وَعَلَيْكَ بِذِكْرِ اللهِ، وَتِلَاوَةِ الْقُرْآنِ، فَإِنَّهُ نُوْرٌلَّكَ  فِي  الْأَرْضِ،  وَذِكْرٌ لَّكَ  فِي  السَّمَاءِ، وَاخْزُنْ لِسَانَكَ إِلَّا مِنْ  خَيْرٍ ، فَإِنَّكَ بِذَلِكَ تَغْلِبُ الشَّيْطَانَ" (رواه أبو يعلى).

 

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алладан қорқып, тақуа бол. Өйткені тақуалық – барлық жақсылықтың ұйытқысы. Алланы еске алып, Құран оқы. Өйткені Құран саған жерде нұр болады және көкте даңқыңды асырады. Және тек жақсы сөз сөйле. Өйткені жақсы сөз сөйлеумен шайтанды жеңесің», – деген» (Әбу Яғла)[2].

 


[1] «Сахих Ибн Хиббан», «Игілік пен жақсылық жасау» бөлімі, «Құлшылық және оған берілетін сауап» тарауы, (361). Ибн әд-Дурайс, «Фадаил әл-Қуран», «Құраннан әлиф пен ләм әріпі болса да оқудың артықшылығы» туралы тарау, (68). Әт-Табарани, «Әл-Муғжам әл-кабир», «Жим» бөлімі, «Әбу Зардың муснадындағы ғариб хадистер» тарауы, (1651).  

[2] «Муснад Әбу Яғла», «Әбу Сағид әл-Худридің муснады», (1000). «Муснад имам Ахмад», «Көп хадис риуаят еткен сахабалардың муснады», «Әбу Сағид әл-Худридің муснады», (11774). Әт-Табарани, «Мим» бөлімі, «Есімі Мұхаммедтен басталатын риуаятшылар» тарауы, (949). Абдулла ибн әл-Мубарак, «Әз-Зуһд», (840). Ибн Әбу Асим, «Әз-Зуһд», (43). Әл-Байһақи, «Әл-Әдаб», (1014).

Хадистің мағынасы: «Жоғарыда баяндалған екі хадистен Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларға айтқан маңызды өсиетін көрдік, олар төмендегідей:

1. Тақуалыққа берік болу. Өйткені тақуалық – барлық ізгі істің мұрындығы немесе барлық жақсылықтың ұйытқысы.

2. Құранды үнемі оқу. Құран оқыған адамға нұр дариды, ол сол нұр арқылы жер бетіндегі ақ пен қараны ажыратып, тура жол табады. Пендені екі дүниеде де құрдымға кетіретін жолдардан сақтанады. Әрі жер бетінде барлық мақлұқтарға және көкте періштелерге  сүйкімді болады. Алла Тағала оны жақсы көріп, періштелеріне де ол адамды жақсы көруге бұйырады. Өз кезегінде жер бетіндегі Алланың құлдары да оны жақсы көретін болады.

3. Тек жақсы сөз сөйлеу. Қиямет күні адамдар тілдері үшін де тозаққа кіреді. Кім өз тілін жаман сөзден сақтайтын болса, шайтанды жеңеді.

4. Алла Тағаланы зікір ету. Алла Тағаланы еске алумен жүректер тыныштық табады. Кім Алланы әрдайым еске алса, Оның бұйрығын ешқашан ұмыт қалдырмайды.        

 


Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)

Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1356664
Пікірлер

Көрші сілтемелер