Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкент: Құран оқу жарысы өтті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 18:50 - 2021/02/18

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/shyimkent-quran-oqu-zharyisyi-otti-12931


Шымкент қаласындағы «Тура жол» мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында Құран оқу сайысы ұйымдастырылды.

Іс-шараны бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді. Жарыс шартын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имамы Бекайдар Әміре, қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, «Исамиддин баба» мешітінің имамы Ербосын Орын, «Абдурахман» мешітінің имамы Нәзірхан Тасходжаев және т.б азаматтар қатысты. Жарысқа 50-ден астам үміткер шәкірт бақ сынады. Оларға елге белгілі қари-хафиздар Мейірбек Сәрсенбаев пен Камилжан Садыков төрелік етті. Жарыс бес номинация бойынша өтті.

Мәнерлеп оқу бойынша 1-орын Асылхан Әмірге, 2-орын Ерасыл Сағындыққа, 3-орын Умар Шерметовке бұйырды. 5 пара бойынша 1-орын Абай Шыңғыс, 2-орын Махмутжан Исақов, 3-орын Бекзат Куржиновқа бұйырды. 10 пара бойынша 1-орынды Мухаммад Бекзат, 2-орынды Абдулазиз Илкамжанов, 3-орынды Абдуғаффар Набиев жеңіп алды. Ал 20 пара бойынша 1-орынды Билалхан Бахтияров, 2- орынды Махсут Мирхахмет, 3-орынды Абдулазиз Бактияров иеленді.

Жарысты ұйымдастырған Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров пен «Тура жол» мешітінің имамы Тәңірберген Ергешовке және қаржылай қолдау көрсеткен демеуші азаматтарға Алла Тағала разы болсын! 

 

 

 

 

 

 



 

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1356614
Пікірлер

Көрші сілтемелер