Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


#4 Үйге кіру әдебі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 18:00 - 2021/02/18

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/maqalat/read/4-yyge-kiru-adebi-11533


Үйге кірер кезде үй ішіңізге келгеніңізді білдіріңіз. Үйіңізге атүсті  немесе аңдыған адам сияқты сау етіп кіріп, олардың үрейін алмаңыз. Әбу Убайда Амр ибн Абдуллаһ ибн Масғұд (р.а.): «Әкем, яғни Абдулла ибн Масғұд үйге кірерде келгенін білдіру үшін дауысын шығарып кіретін», – деген.

 

Имам Ахмад ибн Ханбал: «Адам үйіне кірерде жөткірінуі немесе аяқкиімімен жерді теуіп дыбыс шығаруы мұстахаб», – деген.

 

Абдулла ибн имам Ахмад: «Әкем мешіттен үйіне қайтқан кезде үйге кірмей тұрып, келгенін аңғартқысы келіп, аяғымен жерді тебетін немесе  келгенін білдіру үшін жөткірінетін», – деген.

 

 Сол үшін әл-Бұхари мен Муслимнің жинағында Жабирдің (р.а.) Алла елшісінен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) риуаят еткен хадисінде: «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамның үй ішіне аңдыған немесе айып іздеген кісідей сау етіп кіріп келуінен тыйған», – деген. Яғни адам сапардан немесе басқа жақтан оралған кезде үй ішіне келгенін білдірместен, үйге кірмесін деген мағынада.

 

Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1356571
Пікірлер

Көрші сілтемелер