Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы қаласы имамдарына Бас мүфтидің Алғыс хаты табысталды (ФОТО)



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 23:00 - 2021/02/17

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyi-qalasyi-imamdaryina-bas-myftidin-algyis-hatyi-tabyistaldyi-12927


Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен асыл дініміздің мерейін асырып, жат ағыммен тынбай күресіп жүрген Алматы қаласының білікті имамдарына алғыс хат берілді.

 

Дін мамандарына бұл марапатты Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай өз қолымен табыстап, құтты болсын айтты. Сондай-ақ, имамдарға қажымас қайрат, қызмет жолында сәттілік пен толайым табыс тіледі.

 

Бас мүфти Алғыс хатта білікті имамдарға:

«Сіздің тәуелсіз еліміздің рухани өсіп-өркендеуі мен асыл дініміздің қанат жаюы жолында атқарып келе жатқан ерен еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамаларына қолдау білдіріп, белсенділік танытып келесіз. Сіздің көркем дініміздің мерейін асырып, өңірдегі діни оңалту жұмысын өте жақсы деңгейде ұйымдастырғаныңыз көпке үлгі...» деп алғыс білдірді.

 

Алғыс хат табысталған Алматы қаласының имамдары:

 

1) «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін қари Әміре

2) «Заря восток» мешітінің бас имамы Ахметов Қазыбек

3) «Әли-Мұхаммед» мешітінің бас имамы Такиров Қанатали

4) Алматы Орталық мешітінің ұстазы Руслан Қайыргелді

5) «Музаммил» мешітінің наиб имамы Алиев Тимур

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1356010
Пікірлер

Көрші сілтемелер