Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы: Бас имам Ұлттық кітапхананың 110 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапатталды (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 00:50 - 2020/12/30

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyi-bas-imam-ulttyiq-kitaphananyin-110-zhyildyiq-merekelik-tosbelgisimen-12838


Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының құрылғанына 110 жыл толуына орай кішігірім мерекелік жиын өтті.

 

Бұл жиынға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек, Алматыдағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың директоры Байұзақов Асхат, «Қалқаман» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Қоңыратбайұлы және кітапханашылар қатысты.

 

Кітапхана басшысы Оспанова Бақытжамал келген қонақтарды Ұлттық кітапхананың 110 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапаттап, сыйлық табыстады.

 

Басқосуда сөз алған қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай дініміздегі оқу-білімнің артықшылығы мен өркениетті қоғам құрудағы кітапхананың рөліне тоқталды. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, кітапхана басшылығына алғыс білдірді.

 

 

 

 

 

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1326978
Пікірлер

Көрші сілтемелер